Жер үйді де алуға болады: "Әскери баспана" бағдарламасы

0
1 464

Әскери қызметкерлер көбіне 2 және 3 бөлмелі баспаналарға ұсыныс жасаған.


Жер үйді де алуға болады:

ERNUR.KZ. ШҚО-да 286 әскери қызметкер «Әскери баспана» бағдарламасы арқылы пәтерге қол жеткізді, деп жазады altaynews.kz.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мәліметіне сенсек, 286 әскери қызметкер бір ай ішінде құжат өткізді. Соның 176-сы әне-міне қағаз жұмыстарын аяқтағалы ортырса, 110-ы пәтерге көшіп те алды.

Әскери қызметкерлер көбіне 2 және 3 бөлмелі баспаналарға ұсыныс жасаған.

"Бұл – аталмыш бағдарламаның екінші кезеңі. Ал үшінші кезең 2020 жылы жүзеге асырылады. Бағдарлама аясында несие 8 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Ал алдын ала үй құнының 15 пайызы салынуы тиіс. Өзге де сұрақтар болса, банкке келіп біле аласыз" – деді банктің баспасөз қызметкері.

Айта кетейік, бұл бағдарламамен жер үйді де сатып алуға болады.