Жерде жатқан қойды ұстаған: Алматыда тоқ соққан кішкентай бала жансақтау бөлімінде жатыр

0
667

Алматыда баланы ток соғып, жазым бола жаздады. Оқиға бала Ерменсай ықшамауданында көшеде келе жатқанда болған.


Жерде жатқан қойды ұстаған: Алматыда тоқ соққан кішкентай бала жансақтау бөлімінде жатыр

ERNUR.KZ. Жоғары вольтты электр беру желілерінің бағаналары жерге бекітілмеген болып шықты. Жергілікті тұрғындар 10 жылдан астам уақыттан бері жергілікті биліктен шағынауданындағы электр жарығын ретке келтіруді сұрап келгенін айтады, деп жазады Stan.kz.

Оқиға жаңбырдан кейін болды. Бала үйден көшеге шығып, жақын жерде қойларды көреді. Олардың бірі электр беру бағанының жанында қозғалыссыз жатқан, бала оған не болғанын көруге келеді.

“Ол жерде қой жатқан соң жүгіріп барды. Барып, оң қолымен ұстап, бірден тартып алды. Одан кейін бір сағат сол қолымен ұстап жүрді. Мен қарадым, ештеңе болмаған. Бірақ ол қолын көтере алмады. Жай отырды, ойнады. Содан кейін жедел жәрдем шақырдым", – дейді зардап шеккен баланың анасы Балым Жолдыбай.

Бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер электрокардиограмма жасап, ауруханаға жатқызды. Қазір ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция сараптама тағайындап, тергеу бастады.

Зардап шеккен баланың ата-анасы жаңбыр жауғанда бағаналардан ұшқын түседі дейді. Жергілікті тұрғындар биліктен электр желілерін жерге бекітуді көптен бері сұрап келген, бірақ ешнәрсе істемеген.

Тұрғындар ықшамауданындағы жарыққа қатысты былық 2004 жылдан бері жалғасып келе жатқанын айтып шағымдануда. Сол уақыттан бері энергиямен қамтамасыз етумен жеке компания айналысады екен. Аудан азаматтарының сөзінше, компания тарифті көтергенімен, желілердің жағдайын бақыламаған.

“Біздің желілерде кернеу 150-170. Яғни, микротолқынды пешті қоссаңыз, ондағы ештеңені қыздыра алмайсыз. Үтікті қоссаңыз, бірдеңені өшіру керек. Жарық үшін 17,88 төлейміз. Қаңтар айына дейін әр киловаттың үстіне 17,87 төледік. Содан кейін "Орхан" ЖШС-нің ішкі бұйрықтарымен тұрғындар реніш білдіре бастаған соң, қызмет ақысы аздап төмендетілді”, – дейді Ерменсай ықшамауданының тұрғыны Ирина Филиппова.

Бұл электр желілері 60 жыл бұрын салынған. Олар қазіргі заманғы үйлерде бар көптеген гаджеттерге арналмаған. Тұрғындардың айтуынша, пайдалануға берілген барлық уақыт ішінде ешқандай жаңғырту жүргізілмеген. Оның үстіне дәл осы компания ықшамауданды сумен де қамтамасыз етеді.

"Міне, сусыз отырмыз. Кранда су жоқ. Ыдыс жуу да, суға түсу де мүмкін емес. Жаз, аптап ыстық. Су ақса да, лас болады. Толтырып аламыз, тұнып басылған кезде бірнәрсе етіп қолданамыз”, – деді Ерменсай ықшамауданының тұрғыныЛюдмила Сенгербаева.

Тұрғындар әкімдікке де, прокуратураға да шағым түсірген. Жақында ғана істер алға жылжыды. Қадағалау органының қызметкерлері тексеру жүргізіп, компания қызметінде 40-тан астам заң бұзушылықты анықтады. Ең өрескелдері – электр желілерінің жерге бекітілмеуі, жалаңаш сымдар және күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі.

“Қазіргі уақытта монополияға қарсы орган өз комитетіне "Орхан" ЖШС қызметін тексеруге және нақты тарифтерді, оларға арналған шығыстарды белгілеуге бастамашылық ету туралы тиісті хат жолдады. Толығымен тарифтік смета бойынша”, – деді Бостандық ауданы прокурорының орынбасары Данияр Ысқақов.

Тұрғындар көмек сұрап депутаттарға жүгінді. Қазақстанның Халық партиясының мүшелері прокурорлармен кездесті, олар компанияның энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетуге лицензиясы да жоқ екенін хабарлады.

"Мемлекеттік орган, Алматы қалалық және облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаменттері бір-біріне сілтейді, бірақ факті факт болып қала береді. Олар желі балансында жоқ компанияға тарифті бекітуге қалай мүмкіндік берді?", – деді қала мәслихатының депутаты, Қазақстан Халық партиясының мүшесі Талғат Мұхамедғалиев.