​ Жерқоймада бір бала мен үш ер адам уланып қайтыс болды

0
1 684

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға шіріген картоптың иісі себеп болған.


​ Жерқоймада бір бала мен үш ер адам уланып қайтыс болды

ERNUR.KZ.Ақмола облысында төрт адам уланып қалды, деп жазады Zakon.kz.

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 18 сәуір күні шамамен кешкі сағат жетілерде Ақмола облысы Жарқайың ауданына қарасты Державин қаласында орын алған.

- Жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан жерқоймаға түскен төрт адам - 1971, 1975, 1981 жылдары туған ер адамдар мен 2002 жылы дүниеге келген бір бала уланған. Үш ересек адам сол жерде қайтыс болса, бала ауруханада көз жұмған. Бақилық болғандардың барлығы Тәжікстан Рсепубликасының азаматтары екен. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға шіріген картоптың иісі себеп болған, - деп хабарлап отыр ТЖК.