Жетпіс жастағы «шумахер» әже (видео)

0
1 385

​ERNUR.KZ Т-40 тракторының рөліне 21 жасында отырып бригадамен бірге пішен шапқан әже әлі күнге дейін көлік тізгінінен түспеген, деп жазады АқЖайық.


Жетпіс жастағы «шумахер» әже (видео)

ERNUR.KZ Т-40 тракторының рөліне 21 жасында отырып бригадамен бірге пішен шапқан әже әлі күнге дейін көлік тізгінінен түспеген, деп жазады АқЖайық.

Жасы 70-ті алқымдаған атыраулық Нәсіп Төлегенованың өз қатарластарынан ерекшелігі - әлі күнге дейін көлік жүргізіп, мал шаруасымен айналысады, немерелерін мектепке тасымалдайды. Қазір ақ жаулықты ана Исатай ауданы, Жанбай ауылында тұрады.

- 1969 жылы ауылда тракторлықтан курс ашылып, совхоз директоры мені шақырып «курсқа сені тіркеп қойдым, қабілетін бар оқисың» деді. Алғашында оқуға ұялдым. Әке-шешем де кері тартты. Бірақ болашақта нан табармын деп оқуға бел байладым. Сол жылы Жанбайдан 8 ер баламен қатар 3 қыз тракторшы мамандығын алып шықтық, - деп бастады әңгімесін әже.

Нәсіп Төлегенованың жасы жетпіске келсе де көлікті өзі жөндеп доңғалақтарын да өзі ауыстырады екен.

Нәсіп әженің бүгінде бес ұл, екі қызы мен олардан өрбіген 20 жиен-немересі бар. Шаруашылығындағы азын-аулақ түйе малын өрісінен түгендеп келу Нәсіп әженің қазіргі қызметі.