​Жезқазғанда ашылған клиника көп балалы аналардың тістерін тегін емдейтін болды

0
994

Клиника мемлекеттік тапсырыс бойынша көп балалы аналардың, жүкті әйелдердің және жасөспірімдердің тістерін тегін емдейді.


​Жезқазғанда ашылған клиника көп балалы аналардың тістерін тегін емдейтін болды

ERNUR.KZ. Жезқазған қаласындағы медициналық колледж жанынан тіс емдейтін клиника ашылды. Облыс бюджетінен бөлінген 73 миллион теңгеге бос тұрған ғимарат күрделі жөнделіп, қажетті медициналық құрал-саймандармен және қондырғылармен жабдықталды, деп жазады 24.kz.

Қазір колледжде 57 тіс дәрігері оқып жатыр. Олар мұнда теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырады. Ал 8 жылда білім ошағынан 108 дантист түлеп ұшқан. Айта кету керек, клиника мемлекеттік тапсырыс бойынша көп балалы аналардың, жүкті әйелдердің және жасөспірімдердің тістерін тегін емдейді. Дина Смағұлова, Жезқазған қаласының тұрғыны: - Жеке меншік тіс емдейтін жерлерде емдетіп жүрдік. Қазір осында келсек, 18 жасқа дейін тегін екен. Бұл бізге өте тиімді. Балалардың барлығын осында емдесе, тіпті, жақсы болды. Енді кездескен таныстарға, туыстарға айтып жүреміз, балаларды осында тегін емдетіп жатырмыз деп.