Жезқазғанда бұрынғы бизнес серіктестердің мүлік дауы өліммен аяқталды

0
364

Күдікті ретінде 60 жастағы қала тұрғыны ұсталған.


Жезқазғанда бұрынғы бизнес серіктестердің мүлік дауы өліммен аяқталды

иллюстрациялық фото

22 тамызда Жезқазған қаласының полиция бөліміне екі қабатты үйдің пәтерінде кісі өлімі болғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің 54 жастағы қала тұрғынына тиесілі екенін анықтады.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 60 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Күдіктінің айтуынша, марқұм оның бизнестегі бұрынғы серіктесі болған. Кейін өзара бизнесті жауып, дүние-мүлікті бөліскен. Осының негізінде ер адамдар арасында бірнеше жылға созылған жанжал туындаған.
Күдікті гаражда аңшы мылтығын тазалап отырған кезде серіктесінің аулаға шыққанын көріп, оны атып тастаған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.