Жезқазғанда ЖЭО іске қосылды

0
730

Жезқазған ЖЭО-да екі күннің ішінде екінші қазандық істен шыққаны хабарланған болатын.


Жезқазғанда ЖЭО іске қосылды

ERNUR.KZ. Жезқазған қаласының билігі бүгін жылу электр орталығының жұмысын қалыпқа келтіргенін айтты, деп жазады zakon.kz.

«Қазіргі таңда 4 қазандық (No6, 7, 9, 11), сондай-ақ 3 турбоагрегат (6, 7, 8) жұмыс істеп тұр. Жылу ЖЭО-дан бекітілген температуралық кестеге сәйкес беріледі. ЖЭО штаттық режимде жұмыс істейді», - делінген әкімнің хабарламасында.

Алдыңғы кеште Жезқазған ЖЭО-да екі күннің ішінде екінші қазандық істен шыққаны хабарланған болатын. Осыдан екі күн бұрын ғана жылу орталығының 5-ші қазандығында ақау шыққан болатын.

Қала тұрғындарына жылуды небәрі үш қазандық өндірді. Салдарынан үйлердегі ауа температурасы 9 градусқа төмендеген.

Тұрғындардың арыз-шағымдары осы апаттардан бұрын да түскен. Жезқазғандықтар жылу беру маусымы басталғалы пәтерлеріндегі суыққа шағымдануда.

Қала әкімінің орынбасары Ерлан Құсайынов жылудың талапқа сай берілмегенін айтты. Қолдануға болатынның бәрі жасалып жатыр. Жағдай бақылауға алынды.

ЖТЭС «Kazakhmys Energy» ЖШС меншігінде. Жақында қазандықтар жөнделді, бірақ алғашқы сынақтардан өтпеді.