Жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етті деп шағымданған келіншекке қатысты жаңа деректер шықты

0
907

Оңбай таяқ жеген қыздың өзі жеңіл жүріспен табыс тапқан.


Жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етті деп шағымданған келіншекке қатысты жаңа деректер шықты

ERNUR.KZ. Алматыда жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етті деп шағымданған келіншекке қатысты жаңа деректер шықты, деп жазады ktk.kz.

Полицияның мәліметінше, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етті деп шағымданған келіншектің өзі жеңіл жүріспен табыс тапқан.

"Қазір 126-баптың 2-тармағы, 1-бөлімі, "алдын ала сөз байласып, адам ұрлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы дерекке қатысты 4 адам күдікке ілінді. Оның екеуі Аида мен Камила есімді қыздар уақытша тергеу изоляторына қамалды. Жәбірленуші өзін құлдықта ұстады деген үй жезөкшелердің ордасы болды деген ақпарат расталған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасы басшысы Жанболат Зиадин.

Полицияның мәліметінше, жеңіл жүрісті қыздар арасындағы жанжал ақшадан туындапты. "Жәбір көрдім" деп шағымданған 25 жастағы келіншек күдіктілерге ақша қарыз болып, қайтармай жүрген көрінеді. Кейін ашуға булыққан Аида мен Камила жәбірленушіні бір жігіт арқылы пәтеріне шақыртып, оны тепкінің астына алып, үйіне қамап қойған. Жеңгесінің қатысы бар. Алматылық қыз жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болғанын айтты

Еске салайық, мұның алдында Алматыда 25 жастағы келіншек біреулердің ұрлап әкетіп, жөзекшелік жолға түсірімек болғандарын айтып шағымданғаны хабарланған болатын. Жәбірленуші полицейлерге өзін қай жерде және кімдердің қамап ұстағанын көрсетіп берген еді. Зорлық құрбанының денесінің сау тамтығы қалмаған - басы жарылып, үсті-басы түгел қанталап кеткен.