Жиенін өлтірген қылмыскер 9жылға бас бостандығынан айрылды

0
1 188

Қостанай облысында жиенін өлтірген адам жазаланды


Жиенін өлтірген қылмыскер 9жылға бас бостандығынан айрылды

фото: ашық дереккөз

ERNUR.KZ. Туыстар арасындағы ұрыс-керіс пышақ жұмсауға ұласып, туыстардың біреуі қайтыс болды, деп жазады Baq.kz.

Айыпталушы туысын өлтіргісі келмегенін дәлелдегісі келгенмен, сот айыпталушы туысын қасақана өлтірді деген шешімге келген.

Отбасылық қайғылы жағдайға ұласқан тұрмыстық келіспеушілік 17 шілде күні Әулиекөл ауданында болған.

43 жастағы ер адамның үйіне өзінің мотоциклін сатып алған 20 жастағы жиені дос қызымен келген. Спирттік ішімдік ішкеннен кейін мотоциклге қатысты дау туып, екеуі керісіп қалған.

«Ешқандай төбелес болған жоқ. Зардап шегуші айыпталушының үйінен кетіп бара жатқан, алайда ағасы үйден екі пышақ алып шығып, інісінің артынан аңдыған. Қылмыстық жағай көрші үйдің ауласында болған», - дейді сот төрешісі.

Айыпталушы бұрын да есірткіні заңсыз айналымға шығарғаны үшін істі болған. Бұл қылмысты жасағанға дейін кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар айыпталушы еш жерде жұмыс істемеген.

Сот оны жасаған қылмысы үшін кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қауіптілігі аса жоғары түзету мекемесінде жазасын өтейді.