Жітіқарада балаларды қолдау мекемесінен кетіп қалған оқушылар аман табылды

0
423

Жоғалған балаларды іздеуге полиция жасағы толығымен жұмылдырылды.


Жітіқарада балаларды қолдау мекемесінен кетіп қалған оқушылар аман табылды

ERNUR.KZ. Жітіқарада балаларды қолдау мекемесінен кетіп қалған оқушылар аман табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жітіқаралық полицейлер балаларды қолдау мекемесінен кетіп қалған орталықтың екі тәрбиеленушісін іздеп тапты.

«13 және 14 жастағы екі қыз баланың жоғалғаны туралы ақпарат Жітіқара полиция бөлімінің кезекші бөліміне 28 тамызда сағат 11.30-да келіп түсті. Балаларды іздеуге полиция жасағы толығымен жұмылдырылды. Балалар қаланың ескі бөлігінен табылды», - деп көрсетті Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қыздар қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына қайтарылды.