Жоғары мәртебелі имам "Әзірет сұлтан" мешітінде бесін намазына қатысты

0
530

Әл-Азһар ш​ейхы имамдыққа шығып, бесін намазын оқыды.


Жоғары мәртебелі имам

Мұсылман әлемінің әйгілі дін ғұламалары ілім алған, талай діндарлар түлеп ұшқан әл-Азһар университетінің шейхы, Жоғары мәртебелі имам Ахмет Тайып бүгін елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болып, бесін намазына қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIІ съезіне келген жоғары мәртебелі имамды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қарсы алып, республикалық құлшылық ордасымен таныстырды.

Әл-Азһар шейхы имамдыққа шығып, бесін намазын оқыды. Намаздан соң Бас мүфти құрметті қонаққа қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіп, еліміздің дін қызметкерлеріне қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты.