Жоғары оқу орындары студенттеріне жеңілдік жасайтын болды

0
738

Студенттердің айма-ай алып отырған стипендиясы да үзілмейді.


Жоғары оқу орындары студенттеріне жеңілдік жасайтын болды

ERNUR.KZ. Алматыдағы кейбір жоғары оқу орындары студенттердің жаппай үндеуінен кейін оларға жеңілдік жасайтын болды. Интернеттің жоқтығынан онлайн қосыла алмаған жастар мемлекеттік емтиханды асықпай тапсыра беруіне болады, деп жазады ktk.kz.

"Егер де ол бала интернет жүйесіне байланысты немесе техникаға байланысты емтиханын уақтылы тапсыра алмаса, оны біз келесі жылға ауыстыруға мүмкіндігіміз бар немесе жазғы сессияны ұйымдастырамыз. Егер де жазғы семестрден де әрі қарай жалғасып кетіп жатса, онда біз оны қыркүйек айына, қазан айына қалдырып, барлық жағдайды жасаймыз", - дейді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гауһар Алдамбергенова.

Айта кетейік, Қазақ ұлттық университетінің студенттері емтиханды кейінге қалдыруда сұрап, әлеуметтік желіде арнайы үндеу жасаған болатын. Өйткені бәрінің бірдей сапалы интернетке қосылып, сабақ өтуге шамасы жоқ. Ал шәкірттерінің жағына алғашқылардың бірі боп Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті шықты. Ауылдағы жастардың жағдайын ескерген жоғары оқу орны мемлекеттік емтиханды кейінге қалдырыпты.

Дегенмен, бұл бітірушілер биыл дипломсыз қалады деген сөз емес. Карантин созылған жағдайда, олардан емтихан телефон арқылы қабылданады. Оқу ақысын дер кезінде төлеп үлгермеген жастар да алаңдамаса болады. Себебі, карантиннен кейін асықпай төлеуге мүмкіндік берілді.

Студенттердің айма-ай алып отырған стипендиясы да үзілмейді деп сендірді университет ректоры.

Ал Алматы менеджмент университеті онлайн емтихандарды мүлде тоқтатып тастаған. Қорытынды бағаны студенттің ортақ балынан шығарады. Ал дипломдық жұмыстарды жазға қалдырды.