Жол ережесін бұзғандарды жазып алатын бағдаршамдар іске қосылды

0
1 407

Өскеменде жүргізуші туралы ақпараттарды анықтай алатын бағдаршамдар іске қосылды.


Жол ережесін бұзғандарды жазып алатын бағдаршамдар іске қосылды

ERNUR.KZ.Бағдаршамдардың жұмысы көбейді. Бұдан ары бір көзін ашып, бір көзін жұмып тұрып, жүргіншілерді өткізе бермей, жол ережесін бұзғандарды тізімдеп алады. Ол аз десеңіз, жолдан өтетін адамға қатысты ақпараттарды да анықтайды, деп жазады altaynews.kz.

Бағдаршамда екі бейнекамера бар. Бірі ереже бұзғандарды белгілеп алса, екіншісі өткелі тұрған адамға қатысты биометрлік деректерді анықтайды. Яғни, ішкі істер басқармасы базасындағы мәліметтерді іздей бастайды, - дейді Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметкері.

– Ал жүргінші жолағы, бағдаршамның белгісіне қарай, жасыл немесе қызыл жарық жағады.

Осындай «ақылды» бағдаршамдардың бірі дәл қазір Қазақстан мен Орджоникидзе көшелерінің қиылысына орнатылған.