Жол салуға бөлінген 552 миллион теңгені "жеп" қойғандар ұсталды

0
819

Бұл жолға бюджеттен ақша "Нұрлы-Жол" бағдарламасы бойынша бөлінген.


Жол салуға бөлінген 552 миллион теңгені

ERNUR.KZ. "ҚазАвтоЖол" ҰК" Маңғыстау облыстық филиалының басшысы "Альянс-ИКО" ЖШС директорының орынбасары және бас инженерімен ауыз жаласып, бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді, деп жазады Zakon.kz.

Департаменттің дерегі бойынша, олар Өзбекстанмен шекаралас аумақта салынған республикалық маңыздағы "Бейнеу-Ақжігіт" жолын салуда жалған актілер толтырып, бюжеттің 552 млн теңгесін жымқырды деген күдікке ілінген.

Бұл жолға бюджеттен ақша "Нұрлы-Жол" бағдарламасы бойынша бөлінген. Тергеу шаралары әлі жүргізіліп жатыр.