​Жол жиегіне сызылған сары сызықтар кәсіпкерлерге кедергі келтіруде – Кәсіпкерлер палатасы

0
1 544

Алматы қаласындағы жолдардың жаңартылуына байланысты 670 кәсіпкерден арыз-шағым келіп түсті.


​Жол жиегіне сызылған сары сызықтар кәсіпкерлерге кедергі келтіруде – Кәсіпкерлер палатасы

ERNUR.KZ. Алматы қаласындағы жолдардың жаңартылуына байланысты 670 кәсіпкерден арыз-шағым келіп түсті. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Айтуар Қошмамбетов брифинг барысында айтты, деп жазады Baq.kz.

Оның айтуынша, қаладағы көше бойына сызылған сары жолақтар кәсіпкерлердің ісіне кедергі келтіруде.

«Өздеріңіз білесіздер көптеген көше бойында сары жолақ сызылып, көлік тоқтатуға тиым салынған. Осыған және көлік тұрағын алып тастауға қатысты көптеген кәсіпкерлерден шағымдар келуде. Атап айтар болсақ қаладағы «Восход» сауда үйінің және Никольский базары, «Атакент» сауда кешенінің кәсіпкерлері клиенттер қатарының азайғандығына және бизнесіне кедергі болуына қатысты шағым жолдады», - дейді ол.

Айтуар Қошмамбетов қазір бұл мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен келіссөздер жүргізіп жатқандарын айтып өтті.

«Атамекен» ҰКП қаланың жаңарып, өркендеуіне қарсы емес, тек сол өзгерістер бизнеске кедергі әкелмейтіндей болса дейміз. Қазір жол қозғалысын өзгертудің арнайы жобасын сызып, өзіміздің тарапымыздан ұсыныс жасаудамыз», - дейді ол.