Жолаушының өмірін қатерге тіккен автобус жүргізушілері жауапқа тартылды

0
1 297

ҚР Ішкі істер және Инвестициялар және даму министрліктері бірлесіп өткізген «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасына қорытынды жасады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жедел алдын алу шараларын өткізу барысында барлығы қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 19 мың құқықбұзушылықты анықтап, тиісті шара қолданды. Атап айтқанда, еңбек пен демалыс режимі бұзылған – 166 жағдай, 245 тиісті куәліксіз жүргізу фактісі, жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың болмауы бойынша – 594, жылдамдықты асыруда – 1 135 факті, көлік құралын жүргізу барысында ұялы телефонды пайдалану бойынша 3,5 мыңнан астам факті, жолаушыларды заңсыз тасымалдауға байланысты 195 факті анықталды.

«Өздерінің жолаушыларына ғана емес, өздеріне де жауапты автобус жүргізушілерінің көлік құралын масаң күйде жүргізуінің 14 фактісі анықталды. Сонымен қатар, есірткіге масайған күйінде автобус жүргізген жүргізуші ұсталған фактілер де бар», - деп белгіледі министр орынбасары.

- Ақтөбе облысында есірткімен масаю күйінде жолаушы көлігін басқарған жүргізуші ұсталды, қалалық бағытта қызмет көрсеткен оның автобусында жолаушылар болған», - делінген хабарламада.