Жолда жүру тәртібін бұзған азаматтың әкесі айыпталды

0
1 163

ERNUR.KZ. Атырауда баласы тікелей жасаған жол-көлік оқиғасы үшін, сот әкесін айыптады.


Жолда жүру тәртібін бұзған азаматтың әкесі айыпталды

иллюстрациялық фото: androidinsider.ru

ERNUR.KZ. Атырауда баласы тікелей жасаған жол-көлік оқиғасы үшін, сот әкесін айыптады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кәмелеттік жасқа толмаған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды. Жас жігіт көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ бола тұра, өзінің автокөлігін Атырау қаласының Гагарин көшесінде мініп жүрген. Ол жол жүру ережесін бұзып, тиісті ара қашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан автокөліктерге соқтығысып, нәтижесінде оларға материалдық залал келтірген. Құқық бұзушының кінәсі іске тіркелген өзінің түсініктемесімен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамасымен және басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді. Сот кәмелетке толмаған жас жігітті кінәлі деп танып, оның табысы болмауына байланысты заңды өкілі - әкесіне айыппұл салынды», деп хабарлады Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.