Жөн-жосықсыз анализ тағайындаған дәрігерлер жазаланады - министр

0
1 245

Жөн-жосықсыз анализ тағайындаған дәрігердің жазасы дәрі-дәрмекті себепсіз тықпалаған дәрігердің жазасына теңестірілмек.


Жөн-жосықсыз анализ тағайындаған дәрігерлер жазаланады - министр

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылы міндетті медициналық сақтандыру қолданысқа енгеннен жөн-жосықсыз анализ тапсыртатын дәрігерлер әкімшілік жазаға тартылатынын ескертті, деп жазады Zakon.kz.

2020 жылы міндетті медициналық сақтандыру қолданысқа енгеннен кейін қазақстандықтар тапсыратын ақысыз анализ тізімі кеңейтіліп, көбейеді.
- Медициналық сақтандыру аясында біз халықты ақысыз қызметпен, оның ішінде диагностикалық және зертханалық зерттеулермен кеңінен қамтуды жоспарлап отырмыз. Бірақ бұл жерде бір кемшілік бар. Біз заңнамаға қажетсіз анализдерді тағайындаған медицина қызметкерлерін әкімшілік жауапкершілікті арттыруды жоспарлап отырмыз, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Министр жөн-жосықсыз анализ тағайындаған дәрігердің жазасы дәрі-дәрмекті жөн-жосықсыз тықпалаған дәрігердің жазасына теңестірілетінін айтты.