ЖРВИ кезінде ваннаға түсуге болмайды - дәрігер

0
1 235

Дәрігердің айтуынша, ауырған кезде гигиенаны сақтау маңызды, өйткені токсиндер тер арқылы шығады, сондықтан терді кетіру арқылы осы процесті жеңуге көмектесу керек.


ЖРВИ кезінде ваннаға түсуге болмайды - дәрігер

ERNUR.KZ. ЖРВИ кезінде ыстық ваннаға түсуге болмайды, оның орнына бес минутқа душ қабылдап немесе денені дымқыл шүберекпен сүртуге болады, - дейді Мәскеудің денсаулық сақтау департаментінің ересек тұрғындарға медициналық көмек көрсету жөніндегі бас маманы Андрей Тяжельников, деп жазады Zakon.kz.

Дәрігердің айтуынша, ауырған кезде гигиенаны сақтау маңызды, өйткені токсиндер тер арқылы шығады, сондықтан терді кетіру арқылы осы процесті жеңуге көмектесу керек. Бірақ гигиенаны науқастың жағдайына байланысты байыппен қолдану керек.

"Егер адам өзін нашар сезініп, дене қызуы көтерілсе, онда жылы суға малынған сүлгімен сүртінуі керек, одан кейін құрғақ шүберекпен сүрткен абзал. Бөлмедегі температура қалыпты болуы тиіс, жел болмауы керек. Егер науқастың дене қызуы болмаса, онда бес-жеті минутқа жылы душ қабылдағаны дұрыс. Ең бастысы - суықтауды немесе қызынуды болдырмау. Ыстық ванна қабылдауға болмайды", - дейді дәрігер.

Ол ағзаның инфекциямен күресетінін, барлық жүйе жоғары жүктеме режимінде жұмыс істейтінін, алмасу процестері мен қан айналымын жеделдейтінін, ал ыстық су жүрекке қосымша салмақ түсіретінін, температураның одан да көтерілу ықтималдылығын арттыратынын атап өтті. Сондықтан ваннаны қабылдауды толықтай емделіп кеткенге дейін шегере тұру керек.

"Эфир майларын қолдануға болады, бірақ міндетті түрде ваннаға түсу кезінде емес. Ол қабынуға қарсы, антиоксидантты, иммуномодуляциялық және вирусқа қарсы қасиеттерге ие. Мысалы, оны майлыққа немесе арнайы хош иісті шамдарға тамызу арқылы қолдана аласыз", – дейді сарапшы.

Сондай-ақ дәрігер аурудың алғашқы белгілері білінгенде дәрігердің аудио кеңесіне қашықтықтан жүгінуге болатынын атап өтті, ол дәрі-дәрмектерге электронды рецепт ресімдеп, жеті күнге ЖРВИ бойынша аурухана қағазын автоматты түрде ашады.