ЖСДП сайлауға қатыспайды

0
1 425

ЖСДП ҚР президентігіне кандидат ұсынған жоқ.


ЖСДП сайлауға қатыспайды

ERNUR.KZ. 26 сәуір күні Алматыда Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясының 14 съезі өтті, деп жазады Zakon.kz.

Съезде Қазақстанның президенттігіне кандидат ұсыну туралы мәселе талқыланды. Елдегі сайлау 2019 жылы 9 маусым күні өтеді.

Партия мүшелері талқылауды қорытындылай келе, ЖСДП сайлауға қатыспайды деген тоқтамға келді.

Айта кеткен жөн, 25 сәуір күні ҚР ОСК Қазақстан президенттігіне кандидаттыққа ұсыну бойынша Садыбек Түгел, Қасым-Жомарт Тоқаев, Амангелді Таспихов және Дания Еспаеваның құжаттары тапсырылды.