Жүк көлігіндегі 12 тонна мақта өртеніп кетті

0
981

Өрттің шығу себебі анықталуда.


Жүк көлігіндегі 12 тонна мақта өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Атырау облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, 1 қаңтар күні таңғы сағат 6 мен 7 аралығында Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылының маңындағы Атырау-Астрахань тасжолында DAF маркалы жүк көлігі өртенген, деп жазады baq.kz.

Өрт салдарынан 12 250 кг мақта мен тоқыма жіп өртенді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Өртті ауыздықтауға Исатай аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан бес адам және екі техникалық бірлік қатысты. Өрттің шығу себебі анықталуда. Алдын ала ақпарат бойынша, көлік Өзбекстаннан Беларуське бара жатқан.