​Жүкті әйел сірке суын ішіп қойды

0
2 621

Айы-күні жақындап қалған жүкті келіншек ауруханаға жеткізілген.


​Жүкті әйел сірке суын ішіп қойды

фото msk.pulscen.ru

ERNUR.KZ.Ақтауда жүкті әйел сірке қышқылын су екен деп ішіп қойды, деп хабарлайды sputniknews.kz Лада.kz. сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының жәдел медициналық жәрдем станциясының хабарлауынша айы-күні жақындап қалған жүкті келіншек ауруханаға жеткізілген.

"Зардап шегушінің айтуынша, сірке қышқылының аз ғана ерітіндісін стақаннан су екен деп ішіп қойған. Асқазаны күймегені анықталды. Лор дәрігер мен токсиколог қарап, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін әйел облыстық перинатальды орталыққа гинекологтың қарауына жіберілді", - деп түсіндірді дәрігер Қуатбай Тәуекелов.

Токсиколог дәрігердің айтуынша, ауруханаға жыл сайын сірке суын ішіп қойған 150-200 адам түседі.

Ас сірке суы асқазанды қатты күйдірмейді. Сірке суы қанға сіңген кезде едәуір ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін. Ол эритроцитті жойып, бүйрек жеткіліксіздігін тудырады.