Жұма күні қай қалада ауа сапасы нашарлайды

0
1 419

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары айтты


Жұма күні қай қалада ауа сапасы нашарлайды

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары бейсенбі күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады, деп жазады Baq.kz.

"14 желтоқсанда Астана және Шымкент қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, ал Теміртау, Балқаш және Қарағанды қалаларында сақталады", - деп жазылған ведомствоның ресми сайтында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.