Жұмағалиев мекенжай анықтамасын алып тастауды ұсынды

0
1 287

Жұмағалиев осы анықтаманы талап етуді "бюрократия" деп атады.


Жұмағалиев мекенжай анықтамасын алып тастауды ұсынды

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мекенжай бойынша анықтаманы алып тастауды ұсынды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды тengrinews.

"Таяуда бірнеше компанияның кадр қызметі басшыларынан адамдардан неліктен мекенжай бойынша анықтама талап ететінін сұрадым. Адам көшіп кеткен жағдайда, оның мәліметтері ескіріп қалады, оны табу үшін, керек болып қалу мүмкін дейді. Мұндай жағдайда мекенжай анықтамасы қалай көмектеседі? Себебі ол мәлімет те ескіреді емес пе?... Еңбек кодексінде осы құжатты тапсыру керек деген талап жоқ. Осы "керек бола қалса" деген жағдайға байланысты адам өз уақытын осы анықтаманы алу үшін жұмсайды. Оны бүгінде онлайн немесе Telegram арқылы жылдам алуға болатыны айтсақ та, бұған уақыт жұмсауға тура келеді", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Жұмағалиев осы анықтаманы талап етуді "бюрократия" деп атады.

"Былтыр біз мемлекеттік органдардың мәліметтер базасынан алуға болатын жағдайда әртүрлі құжаттарды өткізуін тоқтаттық. Оның ішінде мекенжай бойынша анықтама да бар. Банктер және басқа да үшінші тұлға үшін eGov порталында қызмет түрі көрсетіледі. Клиенттің келісімімен ол туралы мәліметтерді осы жерден алуға мүмкіндік бар. Сонда бұл бюрократия не үшін?", - деді ол.

"Бүгін министрліктер мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемкорпорациясындағы әріптестеріме мекенжай анықтамасының қажеттілігін сараптауды және оны мемқызмет реестрінен алып тастауды ұсындым", - деді Асқар Жұмағалиев.