Жұмыс іздеп, шетелге барған қазақстандық жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

0
587

Қазақстандық жігіт достарына 2022 жылдың соңына қарай белгісіз адамдардың айтуымен Тайландқа ауысқанын хабарлаған.


Жұмыс іздеп, шетелге барған қазақстандық жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Отандасымыз Исламбек Қазыбеков із-түзсіз жоғалып кетті. Ол өткен жылдың қыркүйегінде Дубайға жұмыс істеуге кеткен, деп жазады exk.kz.

LIFE09 ақпараттық агенттігінің жазуынша, қазақстандық жігіт достарына 2022 жылдың соңына қарай белгісіз адамдардың айтуымен Тайландқа ауысқанын хабарлаған. Кейіннен Таиланд, Лаос, Мьянма елдерімен шекетесетін "Золотой треугольник" деген жерге алданып келгенін айтқан. 27 желтоқсаннан бері ешкіммен байланысқа шықпаған.

Исламбек Қазыбеков соңғы хабарламасында түсініксіз жәйттардың болып жатқанын достарына ескертіп үлгеріпті.

"Ол жерге келгенше 10 бекеттен өттік. Қайда тап болғанымды сонда келгенде ғана түсіндім. Жанымда 1 қазақстандық, 2 пәкістандық және тағы бір адам бар. Бізге басында аудармашы боласыңдар деген, кейіннен сату жұмыстарымен айналысасыңдар деді", - делінген отандасымыздың соңғы хабарламасында.

Ең сорақысы, жұмыс беруші сатудан қажетті ақшаны таппаса, ақшаны өздері төлеу керектігін кесіп айтыпты.

"Ол ақшаны өтеп бере алмасақ, "ұрамыз, құлдыққа саламыз, түрмеге қамаймыз" дейді. Енді бір амал болса, қайтып кетуге тырысамыз. Егер менен хабар үзіліп қалса, жағдайдың қиындағаны деп түсініңдер", - делінген хабарламада.

Жоғалған қазақстандық жігіттің достарының айтуынша, Исламды құлдықта ұстап отыруы мүмкін.

Мемлекеттік органдар отандасымыз туралы қандай да бір ақпарат білу үшін жұмыс жасауда. Өкініштісі, ол жақта заңның күші аса жүре бермейді. Ол елдерде осындай жағдайға тап болған адамдарды қайтару үшін қомақты қаржы сұрайды.