Жұмыссыз жүргендер арасында әйелдер саны басым

0
2 420

Еңбек ететін 8,7 млн халықтың жартысынан көбі, яғни 51,8% (4,5 млн адам) – ерлер, 48,2% (4,2 млн адам) – әйелдер.


Жұмыссыз жүргендер арасында әйелдер саны басым

ERNUR.KZ. 2020 жылы Қазақстан экономикасының әр түрлі саласында 8,7 млн адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 65,9% жұмыспен қамтылған, деп жазады baq.kz.

Мәлім етілгендей, еңбек ететін 8,7 млн халықтың жартысынан көбі, яғни 51,8% (4,5 млн адам) – ерлер, 48,2% (4,2 млн адам) – әйелдер.

2020 жылы жалдамалы қызметкерлердің саны 6,7 млн адамды немесе жалпы жұмыспен қамтылған халық санынан 76,6% болды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2 млн адамды немесе 23,4% құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі – 90,3% (2019 жылы – 91,1%), жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар 9,7% (2019 жылы – 8,9%) болды.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады, ерлер арасында – 4,4%, әйелдер арасында – 5,4%.

15-28 жастағы жастар арасында жұмыссыздық – 3,8%.

Айта кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша, 141,8 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Бұл елдегі жұмыс күшінің 1,5% (2019 жылы – 1,1%) құрайды.