Жүздеген адамды қажылыққа апарамын деп далаға тастап кеткен шымкенттік кәсіпкер ұсталды

0
1 360

Тергеу жүріп жатыр.


Жүздеген адамды қажылыққа апарамын деп далаға тастап кеткен шымкенттік кәсіпкер ұсталды

ERNUR.KZ. Қажылық сапарға ниеттенген қазақстандықтарды әлекке түсірген кәсіпкер қамауға алынды, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы мәлімдеді.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, күдіктінің үстінен Еңбекші ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Тергеу жүріп жатыр.

"Шымкент қаласының тұрғындары "Kausar Travel" туристік агенттігінің директорына алаяқтық фактісі бойынша шара қолдану туралы ұжымдық өтінішпен жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша күдікті Шымкент қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қала прокуратурасы қылмыстық істің материалдарын және ұстаудың негізділігін зерделеп, тергеу органының сот алдында қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішін қолдады. Сот қарауының қорытындысы бойынша күдікті адамға қатысты таңдалған бұлтартпау шарасына санкция берілді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды", - делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.