​Жүзден астам педагогқа құрмет көрсетілді

0
1 394

Биыл мұғалімдер мерекесі 7 қазанға сәйкес келіп тұр


​Жүзден астам педагогқа құрмет көрсетілді

Жақын күндері еліміз Мұғалімдер күнін тойлайды. Биыл мереке 7 қазанға сәйкес келіп тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мереке қарсаңында М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында педагогтарға құрмет көрсету салтанаты болып өтті. Ғимараттың залына астаналық білім ұйымдарының, қалалық білім беру мекемелерінің жетекшілері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды. 100-ден астам астаналық педагог ерекше аталды. Оларды ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Астана қалалық білім басқармасының құрмет грамотасымен, алғыс хаттармен марапаттады.

«Біздің астанамыздың дамуы, әлемдік аренада өзін ең жас әрі ілгері қала екендігін мәлімдеді, оның көбісі сіздердің де еңбектеріңізбен байланысты. Бүгінде бәрі астанаға қарай ағылады, себебі балаларына сапалы білім бергісі келеді, олар іздегенін осы жерден табатынына сенімді, ал оған сіздердің қосқан үлестеріңіз сөзсіз. Сіздерге алғыс айта отырып, келе жатқан мерекемен құттықтағым келеді. Біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр, үлкен жетістіктерге жетуден қорықпайық, тек жақсылыққа ұмтылайық», - деді астаналық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин ұстаздарды құттықтап.

Үздік педагогтардың есімдері қала мен елдің тарихында қалады, олар «Білім жүйесінің Алтын қорына» енгізіледі.

«Әр адамның өмірінде 11 жыл білім беріп тәрбиелеген ұстазы ерекше орын алады. Бұл жарқын мереке былайша барлығының да қуанышы. Педагогтар күн сайын өзінің еңбегімен астананы дамытуға үлес қосып қана қоймай, Қазақстанды да алға дамыта түседі», - деді № 15 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Рауан Әсемова.

Сондай-ақ кеште «Дидарлы жаз», «Біз Қазақстанның болашағымыз» қалалық жарысының финалдық жеңімпаздары белгілі болды. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен кубоктар тапсырылды. Ұстаздар мерекесі концерттік бағдарламамен жалғасты. Кәсіби педагогтарды мерекесімен Қазақ ұлттық хореография академиясы, «Вайнах» би ансамблі, «Құрмет» орденінің иегері, танымал әнші Тамара Асар және басқалар құттықтады.