Жүзден астам шенеунік заңсыз түрде баспана алмақшы болған

0
769

Бұл жағдай прокуратура тексерісінен кейін белгілі болған.


Жүзден астам шенеунік заңсыз түрде баспана алмақшы болған

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанда 600-ден астам мемлекеттік қызметкер заңсыз баспана беру кезегінде тұрған, деп жазады Stan.kz.

600-ден астам мемлекеттік қызметкер баспана алу кезегіне заңсыз орналасыпты. Бұл жағдай іске прокурорлардың араласқанынан кейін белгілі болды. Бұған қоса қызметкерлер үйге шынымен қол жеткізе алмай жүрген адамдардың кезегіне кедергі болған. Он жыл ішінде қызметкерлердің кейбіреулері баспанаға ие болып, облыс сыртына, тіпті, елден басқа мемлекетке қоныс аударған. Олардың барлығы мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алу кезегінде тұрған. Қазіргі таңда заңсыз үй алмақшы болғандардың барлығы кезектен босатылды. Сәйкесінше кезекте тұрған адамдардың саны 20 мыңға дейін қысқарыпты. Оның ішінде, мүгедектер мен ата-ана қамқорлығынан айырылған жетімдер де бар көрінеді.

«Қала әкімдігінде дәл осындай жағдайды қадағалаудан өткізетін арнайы инспекция қызметі болады. Олар баспана алуда кезекке тұрған адамдардың тізімін жыл сайын бақылаудан өткізуі шарт. Қазіргі таңда заң бұзушылыққа жол берген қызметкерлер жауапқа тартылды», - деді прокуратура қызметкері Ержан Рыспаев.