​Жүзден астам ұлтқа пана болған Қазақстан туралы фильм Кореяда көрсетілді

0
1 451

Көрсетілімді «Корея-Орталық Азия» Ынтымақтастық форумының хатшылығы, елшілігіміз және «Қазақфильм» ұйымдастырған.


​Жүзден астам ұлтқа пана болған Қазақстан туралы фильм Кореяда көрсетілді

ERNUR.KZ. Жүзден астам ұлтқа пана болған Қазақстан туралы фильммен Оңтүстік Корея тұрғындары танысты, деп жазады 24.kz.

Режиссер Ысламбек Тәуекел және сценарийші Лаврентий Сонның туындысы «Жерұйық» Сеулде көрсетілді. Кинолента өткен ғасырдың отызыншы жылдарында болған Қазақстанға жаппай жер аудару туралы баяндайды. Көрсетілімді «Корея-Орталық Азия» Ынтымақтастық форумының хатшылығы, елшілігіміз және «Қазақфильм» ұйымдастырған. «Жерұйық» екі мың он бірінші жылы жарық көрді, бірақ Корея көрермендері оны алғаш рет көріп отыр. Фильмді Қазақстандағы ең ірі киностудияда корей тіліне аударып титрленген. Оған екі ай уақыт қажет болды. Кинолента Таңғы самал елінде үлкен қызығушылыққа ие болды, өйткені Кореяда қазақ даласына жер аудару тарихы мектептен бастап зерттеледі.

Ли Су Нам, Сеул қаласының тұрғыны:

- Бүгін осы фильмді көріп Қазақстан туралы көп мәлімет алдым. Бұл мейірімді мемлекетте көп ұлт тұрады екен. Қазақстан халқы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаншама қиыншылықтарды көрді. Мен оны түсінемін өйткені біз де соғыстан өттік. Мен корей ұлты жер аударылғаны туралы естідім, бірақ бүгін осы кезеңді жаңа қырынан көрдім. Қазақ халқы отандастарымызды жылы қарсы алып, оларға мейірімділік танытты.