Жыл басынан бері 1,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді – Ауыл шаруашылығы министрлігі

0
249

Сүт өндірісі 3,1%-ға өсті.


Жыл басынан бері 1,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Мəдениет жəне спорт министрлігі Мəдениет комитетінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,1%-ға артып, 1 110 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады


«Өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 3,2%-ға ұлғаюы (1 039,4 млрд. теңге) есебінен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, ет өндіру көлемі тірідей салмақта 5,5%-ға, сүт өндірісі 3,1%-ға өсті. Аталған кезеңде өсімдік шаруашылығы өнімдері 58,3 млрд. теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 100%-ды құрады. Бұл көлем ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта (жылыжайда) өсіру есебінен қамтамасыз етілді», - делінген министрліктің ақпаратында.


Республика бойынша жоғары қарқын төрт облыста байқалған. Атап өтсек, өнім көлемі Ақмола облысында 113,8%, Павлодар облысында 103,9%, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 103,3 пайызды құраған.