​Жыл басынан бері 150 астам жаңа туылған нәрестелер саниавиация күшімен құтқарылды

0
1 306

Осындай науқастарды тасымалдау кезінде басты міндеті – баланың тыныс алуын адекватты демеу, дененің температуралық режимін және жүрек жұмысын демеу.


​Жыл басынан бері 150 астам жаңа туылған нәрестелер саниавиация күшімен құтқарылды

ERNUR.KZ.Қажетті медициналық көмек көрсету үшін жыл басынан бері ҚР әр өңірінен 150-ден астам жаңа туылған нәрестелер сантариялық авиация күшімен сәтті тасмалданды.

Өткен жылы санитариялық авиация күшімен 450-ден астам осындай науқастарға, оның ішінде туылған кезде салмағы килограммаға жетпейтін нәрестелерге медициналық көмек көрсетілді.

Осындай кішкентай сәби науқастарды тасымалдау үшін санитариялық авиация әуе кемелері арнайы кювездермен және баланың өмірлік көрсеткіштерін демейтін медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Осындай науқастарды тасымалдау кезінде басты міндеті – баланың тыныс алуын адекватты демеу, дененің температуралық режимін және жүрек жұмысын демеу.

Мәселен, осы айдың басында құрамында неонатолог және реаниматолог дәрігерлері бар бригадамен санавиация борты мерзімінен бұрын туылған шұғыл жағдайдағы балаға Атырау облысы Құрманғазы ауданына ұшып кетті

Кішкентай науқастың анасы іштегі нәрестеге қауіп төну жағдайында 34 апталық жүктілікпен аудандық медициналық ұйымға түскен.

2018 жылғы 7 шілде әйелге босандыру жүргізілген, бала шала туған, салмағы қалыптан едәуір төмен. Сол күні бала мен оның анасына Атырау қаласы Облыстық перинаталдық орталығына тасымалдаушы санитариялық авиация борты жіберілді. Анасы мен баланы Облыстық орталығына тасымалдау қажеттілігі баланың ауыр жағдайына қатысты ғана емес, медициналық ұйымда оны күту мен емдеу жағдайы болмауына да байланысты болды.

Осындай жеделділіктің арқасында, сондай-ақ, барлық тартылған мамандардың тәжірибесі мен кәсібилігінің арқасында, 2018 жылғы 18 шілдеде, ана мен бала үйіне аман-есен шықты.

2018 жылғы 1-жарты жылдықта жаңа туған нәрестелердің патологиялық жай-күйі санитариялық авиация науқстарының жалпы санының 17,3% құрайтынын айта кетейік.

Жалпы, 2018 жылы 6 ай ішінде санитариялық авиациямен 982 ұшу жүзеге асырылды, 1072 науқасқа медициналық көмек көрсетілді, 1137 медициналық қызмет көрсету орындалды.

Дереккөз: ҚР ДСМ баспасөз қызметі.