Жыл басынан бері жол апатынан 25 бала қаза тапты

0
514

​Тағы 350-ден астамы әртүрлі дәрежелі дене жарақатын алған.


Жыл басынан бері жол апатынан 25 бала қаза тапты

ERNUR.KZ. 2023 жылдың есепті кезеңінде жол-көлік оқиғалары салдарынан 25 бала қаза тапты. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

“Тағы бір назар аудартатын мәселе – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары. Әдетте балалар ауыр жарақат алады, соның ішінде қайғылы жағдаймен аяқталып жататындары да бар, - деді спикер.

Ақтоты Боранованың айтуынша, балалардың қатысуымен болатын ЖКО көбінесе балалардың жол қозғалысы ережелерін білмеуі немесе оларды елемеуі салдарынан болады.