Жылқышыларға 10 жылға дейін жеңілдетілген несие беріледі

0
746

Несиенің жылдық өсімі 6%-ды құрайды.


Жылқышыларға 10 жылға дейін жеңілдетілген несие беріледі

ERNUR.KZ. Мемлекет жылқы шаруашылығымен айналысатын отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуді жалғастыруда, деп жазады Qamshy.kz.

Атап айтқанда, оларға төмендегідей мүмкіндіктер қарастырылған:

  • сатып алынған асыл тұқымды айғырлар үшін субсидиялау нормасы әр басқа 100 мың теңгеден;
  • бие сүтін өндірушілер үшін әр литріне 60 теңгеден;
  • асыл тұқымды жылқының аналық басын бағуға, жем-шөбіне жылына 20 мың теңгеден;
  • жылқы шаруашылығын дамытуға арналған техникалар мен жем-шөп дайындайтын жабдықтарды сатып алғанда мемлекет 25 пайыздық өтеу үлесімен инвестициялық субсидия береді;
  • несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді 10% субсидиялау.

Бұл жылқы фермалары мен салалық қауымдастықтардың ұсыныстары бойынша жасалған. 2019 жылы 4,7 мың жылқы фермасы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды.

Сонымен қатар, жылқы өсірушілерге «жылқы сатып алуға» 10 жылға дейінгі жылдық өсімі 6%-ды құрайтын жеңілдетілген несие беру қарастырылған.

2016 жылдан бері «Құлан» бағдарламасы жұмыс істеп келеді.

2018 жылы 12 мың бас мал сатып алуға 512 шаруашылық қаражат алды, былтыр 1440 шаруашылыққа 40 мыңнан астам жылқы сатып алуға жеңіл несие берілген.

2020 жылы қаржылық қолдау алушылардың саны едәуір артады деп күтілуде.