"Жыныс мүшесі күйген": Ақтөбеде 19 жастағы студенттің денесі моншадан табылды

0
3 304

Туыстары денені аштырып, қайта экспертиза жасауға арыз жазып қойған.


ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының Бадамша ауылындағы жеке моншадан 19 жастағы cтуденттің денесі табылды. Cараптама қорытындысында қыз баланың газдан уланғаны айтылған. Марқұмның туыстары студенттің уланғанына сенбей отыр. Олардың сөзінше, қыздың жыныс мүшесі ыстық суға күйіп қалған деп жазады kaz.nur.kz.

"Қызымды жер қойнына тапсырғаныма бір апта болды. Жауап алуға үйге келіп жатқан ешкім жоқ. Іс жабылып қалуы мүмкін. Мен қызымның моншаға барып уланып өлгеніне сенбеймін.

Ол мейрамханада даяшы болып жұмыс жасады. Сол күні үйге қайтқан жоқ. Денесі ертеңіне моншадан табылып тұр. Ол түнгі сағат екіде жұмыстан шығып моншаға бармайды..

Қолында моншаның заттары да жоқ. Қызым біреудің қолынан жазым болды. Оның өздігімен ол жерге баруы мүмкін емес", - деді марқұмның анасы Кенже Төлешова.

19 жастағы қыз 3 курста оқып жатқан. Кешкі уақытта анасына көмектесу үшін мейрамханада жұмыс жасапты. Студенттің туыстары оның өліміне қатысты күмәнді жайттардың көп екенін айтып отыр.

"Қарындасымның денесі табылған монша үйдің қасында емес. Жұмыстан шыққаннан кейін біреу алдап апарып тұр.

Денесінің омырауынан бастап, тізесіне дейінгі жері күйіп қалған. Экспертизада газдан уланған деп келіп тұр. Моншаның иесі қыздың өзі рұқсатсыз кірген деп отыр. Бұл мүмкін емес жағдай.

19 жастағы қыз танымайтын үйдің моншасына түнде қалай кіреді?",-деді ағасы Марат Төлешов.

Қыздың жеңгесі денені жуындырған кезде мойнында қызарған іздің болғанын айтып отыр.

"Жыныс мүшесі күйген. Мойнында қызарған іздер бар. Суға күйгені көрініп тұр",-деді ол.

Марқұмның туыстары шағымдарын айтып прокуратураға арыз қалдырды.

"Бұл кісінің арызын қазір қабылдап жатырмыз. Істің қандай баппен қаралғанын да білмеймін. Кейін жазбаша түрде жауап береледі",-деді арыз қабылдаған Ақтөбе облыстық прокуратурасы тергеу басқармасының басшысы Тимур Қыдыралин.


Туыстары сот сараптамасының қорытындысына да күмәнмен қарап отыр. Денені аштырып, қайта экспертиза жасауға арыз жазып қойған. Себебі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалмаған.



"Сараптама бойынша уланған деген анықтама бар. Бұл жағдайда дененің табылғаны бойынша ғана іс қозғалады",- деді Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.