Жынысын өзгерткен трансгендер қыз түрме қызметкеріне күш қолданбақ болды

0
2 413

Виктория Берікқожаевға қатысты іс Алматы облысы Іле аудандық сотына жіберілді


Жынысын өзгерткен трансгендер қыз түрме қызметкеріне күш қолданбақ болды

ERNUR.KZ. Трансгендер Виктория Берікқожаева түрме қызметкерлеріне қатысты күш қолданбақ болды деп айыпталды. Әйелдің ісі сотқа 11 қаңтарда түскен, алайда бастапқы тыңдау күні әлі белгіленген жоқ, деп жазады Sputnik.

Берікқожаеваға қылмыстық кодекстің 429-бабы 2-тармағы (қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне қатысты күш қолдану қатерін төндіру) бойынша айып тағылған.

"Іс Алматы облысы Іле аудандық сотына жіберілді", — деп хабарлады мекеме.

Аталған баптың 2-тармағы бойынша адам өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану үшін үш жылдан жеті жылға дейін жаза мерзімі тағайындалады.

2016 жылы Виктория Берікқожаева (бұрын Кәрімжан Берікқожаев болған) Алматы дәмханаларының бірінде ұсталды. Істің материалы бойынша, ол жынысын ауыстырғаны туралы жайып саламын деп басқа бір трансгендерді қорқытып, ақша бопсалаған.

2017 жылы Виктория Берікқожаева айыпты деп танылды. Оны жеті жылға бас бостандығынан айырып, әйелдер түрмесіне отырғызған болатын.

Былтыр құқық қорғаушы Айман Умарова Виктория Берікқожаеваға түрмеде күн көрсетпейтіні туралы жазған болатын. Умарованың айтуынша, мекеменің санитарлық бөлімі қызметкері қызға бірнеше рет тіл тигізгені үшін, трансгендер оның погонын жұлып алыпты.