«Зомбилар»: Ер кісі әйелдің денесін сипап, жамбасынан теуіп «емдеді» (ВИДЕО)

0
1 579

Емші әйелдің омыртқа грыжасын емдеген.


«Зомбилар»: Ер кісі әйелдің денесін сипап, жамбасынан теуіп «емдеді» (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде желі қолданушы өз парақшасына бір әйелді «емдеп» тұрған егде жастағы ер адамның видеосын жүктеді, деп жазады Skifnews.kz.

«Дұғамен омыртқа грыжасын емдеп жатыр. Мынаған қарағанда, мен білетін ем жылдам қона ма дедім ғой», - деп мысқылдаған жазба авторы.

Себебі, әлгі емші «пациенттің» екі қолын екі жаққа көтеріп қойып, оның иығын, жауырынын, арқасын сипайды да, «Сүф! Сүф!» деп қолын сілкіп қалады.

Бұл – бергі жағы. Одан кейін өзі артқа шегініп тұрып, әйелдің сегізкөзі тұсынан, нақты айтқанда, құйрығынан екі аяқпен кезек-кезек тебеді. Осы әрекетін бірнеше рет қайталаған соң, «Сүф! Сүф!» деп аяғын емделушісінің екі жағынан ауаға сермей жөнеледі.

Оны таспаға тартып тұрған жігіт: «Аға, хватит!» деп қойып, күледі. Ал видео бетіне «Омыртқа жарығын үй жағдайында емдеу» (Лечение грыжа позвоночника в домашних условиях) деп жазылған.

Жазбаға 150-ден астам пікір жазылып, сондайлық адам өз парақшаларында бөліскен. Заманауи тілмен айтқанда, «хит» болып жатыр.

«Неше түрлі зомбилар шығып жатыр», «Масқара. Күлкім де, ашуым да келді», «Адамдар осынша аңқау болғаны ма?», «Мына дүмшені секіріп кеп желкеден тепсе ғой», «Осындай жарыместерді құртпай, біздің ел қараңғылықтан құтылмайды», «Мына дүмше осындай надандарды алдаумен нан тауып отыр, ұятсыз. Оған сеніп тұрған кемпір де надан. Осынша жасқа келгенше ақыл кірмеген, енді адам болмайды...» деседі пікір білдірушілердің алғашқы легі. Өзгелерінің де «емдеуші» мен емделушіні оңдырып жатқаны шамалы.

Видеоның қайда және не себепті түсірілгені белгісіз.