​Зырян қаласына Алтай атауы беріледі

0
2 767

Облыс әкімі Даниал Ахметов ұсынысты мақұлдаған.


​Зырян қаласына Алтай атауы беріледі

ERNUR.KZ. ШҚО-дағы Зырян қаласына Алтай атауы беріледі, деп жазады tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов Зырянның атауын Алтай деп өзгерту туралы ұсынысты мақұлдаған.

Еске салайық, қала атауының өзгеруі туралы мәлімет 4 шілдеде жергілікті қоғамдық кеңестің Зырян тұрғындарымен кездесуінде айтылып, талқыға салынған еді. Қорытынды шешімді республикалық ономастикалық комиссия қабылдайды.