​АЙРАНҒА таза БАЛ қосып ішсеңіз АНЕМИЯДАН құтыласыз

0
4 158

Ескеріңіз!


​АЙРАНҒА таза БАЛ қосып ішсеңіз АНЕМИЯДАН құтыласыз

фото: sovkusom.ru

Қаназдық – қанның бояғыш заты және оны оттегімен қамтамасыз етуші болып табылатын эритроциттердегі (эритроциттер) гемоглобин мөлшерінің төмендеуімен сипатталатын ауру. Гемоглобин қызыл қан жасушаларының негізгі бөлігі болып табылады және ағзаның оттегіні еркін алуына ықпал етеді. Егер гемоглобин төмен болса біздің дене жасушаларымыз жеткілікті оттегі алмайды. Сондықтан гемоглобин деңгейін төмен түсіріп алудан сақтануымыз керек. Оның төмендегенін қалай білеміз?

Жоғарыда айтып өткеніміздей, гемоглобин төмендегенде адам қаназдыққа шалдығады. Ал қаназдықтың алғашқы белгісінде тері бозарып, тез шаршайтын болады. Анемияның басқа да белгілері бар:

  • әлсіздік;
  • құлақтағы шу;
  • бас ауру, айналу, естен тану;
  • көз алдына жұлдыздардың елестеуі;
  • тыныс алудың қиындауы, ентігу;
  • бұлшықет әлсіздігі;
  • ерінің жарылып, бозаруы;
  • көздің астында қара шеңберлердің пайда болуы;
  • шаштың түсуі мен тырнақтың сынғыштығы.

фото: vashnarkolog.com

Анемияның екінші бір себебі – адам ағзасындағы темірдің жетіспеушілігінен болады. Ағзаға гемоглобин өндіруге қажетті жеңіл сіңімді темір және ақуызы бар тағамдармен байытылған тамақ жеу керек. Оған қоса, құрамында темірі бар арнайы препараттарды ішуге болады. Одан бөлек, халықтық емдеу әдістері арқылы ағзаны қажетті темірмен қамтамасыз етіңіз.


  • 1 дана ірі шомырды (редька) үккіштен өткізесіз. Оны ешқандай дәмдеуіштермен араластырмай 1 шай қасықтан жейсіз. Емді күніне 6 ретке дейін қабылдауға болады. Осы еммен қоса бір мезгілде 20 дана қыша тұқымын жеуге кеңес береміз. Емделу мерзімі – 1 ай.
  • 1 ас қасық кептірілген бүлдірген жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып, қақпағын мықтап жауып қоясыз. Шамамен 20 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, шайға араластырып ішесіз. Татымы ұнамаса 1 шай қасық бал мен сүт қосуға болады. Емді күніне 2 рет қабылдау керек.
  • Бірдей көлемде какао, сары май, ерітілген құйрық май мен табиғи таза балды алып, эмаль ыдысқа салыңыз. Ыдысты баяу отқа қойып, үздіксіз қозғап тұроасыз. Ішіндегілердің бәрі еріген кезде оттан алу керек. Бөлме температурасында салқындаған дәрілік қоспаны шыны ыдысқа құйып, қақпағын мықтап жабыңыз.

Дайын болған емдік қоспаны күніне 3 рет тамақпен бірге қабылдайсыз.


Ескеріңіз! Қоспаны салқын әрі күн тимейтін жерге қою керек.

фото: celt.ru

  • 1 стақан сүтті ыдысқа құйып, отқа қоясыз. Оған бір тіс сарымсақтың езбесі мен 2-3 қалампырдың езілгенін қосып, қайнатыңыз. 5 минуттай қайнаған соң отан алып, бетін жауып қоясыз. Емдік қайнатпаны күніне 3 рет 25-30 мл ішу керек.

Бұл қоспа анемияның салдарынан қан қысымы төмендейтін және есінен танып қалуға бейім науқастарға керемет ем болады. Сондай-ақ, әлсіздікті, ұйқышылдықты, шаршауды басу үшін де осы қоспаны ішуге кеңес береміз.

  • 1 шай қасық кептірілген бақбақ гүлін 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 1 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 50 мл-ден ішіңіз. Емді күніне 4 рет қабылдау керек.
  • Бір стақан айранға ас қасық бал қосып жақсылап араластырыңыз. бал әбден еріген кезде ішуге болады. Емді күніне 3 рет қабылдау керек. Бал қосылған айран анемияға шалдыққан қарт адамдар үшін өте пайдалы.
  • 1 дана сәбізді үккіштен өткізесіз. Оны 2 ас қасық қайменпен немесе өсімдік майымен араластырып, жейсіз. Емді ашқарынға қабылдау керек.


Анар мен қызылшада темір көп. Ендеше, күнделікті ас мәзіріне анар мен қызылшаны да қосыңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз

Дереккөз: mudrost.mirtesen.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көзіңіз ІРІҢДЕЙ бастаса БОР қышқылымен жуыңыз


Мына ЖЕТІ әдіс МИДЫҢ ерте ҚАРТАЮЫНА жол бермейді


ЖЕТІ дана ІНЖІР іріңдеген АНГИНАҒА ем болады