​АЛАҚАНЫҢЫЗ терлесе АШУДАС көмектеседі

0
6 437

Алақаны терлейтін таныстарыңызға айта жүріңіз


​АЛАҚАНЫҢЫЗ терлесе АШУДАС көмектеседі

фото: chakchak.uz

Қолы үнемі ылғалданып, алақаны терлеп жүретіндерді өз араңыздан жиі кездестіретін боларсыз. Өзіне де, өзгеге де ыңғайсыздық тудыратын осы жағымсыздықтан құтылудың жолы оп-оңай. Ол үшін төменде жазылған ем түрлерін қолдансаңыз болғаны.


  • Емен қабығы

1 литр қайнаған суға 1 ас қасық ұнтақталған емен қабығын саласыз. 15-20 минуттай тұндырып қойыңызз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1-2 шай қасық сірке суымен араластырасыз. Дайын болған емдік суға қолыңызды салып, 5 минуттай отырыңыз.


  • Шайқурай бұлауы

500 мл қайнаған суға ұнтақталған 1 ас қасық емен қабығы мен 1 ас қасық шайқурай (зверобой) шөбін араластырыңыз. Қоспаны газға қойып, 10 минуттай баяу отта қайнатасыз. Дайын болған сұйықтықты сүзіп алып, 2-3 шай қасық сіркесумен араластырып, бұлау жасаңыз.



фото: verywellhealth.com


  • Шөптер жиынтығы

500 мл қайнаған суға 2 ас қасықтан ащы жусан (полынь) мен емен қабығын салып, газға қоясыз. Баяу отта 10 минуттай қайнатып алу керек. Белгіленген уақытта қайнатпаны оттан алып, салқындатыңыз. Бұл емді үзбей 1 апта жасасаңыз, алақанның терлеуінен біржолата құтыласыз.


  • Қырмызыгүл тұнбасы

500 мл қайнаған суға 1 ас қасықтан ұнтақталған қырықбуын (хвощ) мен қырмызыгүлді (календула) салып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен жарты сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып кеңдеу ыдысқа құясыз. Жылымық тұнбаға қолыңызды салып, 20 минуттай отырыңыз. Бұл емді 2-3 апта сайын қайталап отырсаңыз, жайсыздықтан құтыласыз.


  • Сәлбен бұлауы

1 литр қайнаған суға 2 ас қасықтан үгітілген қалақай мен сәлбен (шалфей) шөптерін салып, тұндырып қоясыз. 25-30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, алақаныңызға бұлау жасаңыз.


  • Ашудас тұнбасы


фото: aliexpress.com

1 литр қайнаған суға 1 ас қасық үгілген ашудасты араластырасыз. Оны ыңғайлы бір ыдысқа құйып, шұңғылшаның жанына қойыңыз. Қолыңызды әр жуған сайын ашудас тұнбасына шайып аласыз. Бұл ем қолжетімді әрі аз уақыттың ішінде оң нәтижесін береді.


  • Тұз су

1 литр қайнаған суға 1 ас қасық тұз араластырып, бұлау жасасаңыз да алақанның терлеуіне ем болады.


  • Марганец ерітіндісі

1 литр қайнаған суға 0,5 шай қасық марганец ерітіндісін араластырыңыз. Дайын болған қызғылт суға қолыңызды салып, бұлау жасайсыз. Мұны үзбей бір апта жасасаңыз, тершеңдіктен түбегейлі арыласыз.


  • Сіркесу мен ас содасы

100 гр. сіркесуға 1 ас қасық сода араластырыңыз. Оған 4 гр. борлы қышқыл мен 30 гр. глицерин қосасыз. Бұл қоспаны 250 мл қайнаған суға салып, ерігенше мұқият араластыру керек. Дайын болған сұйықтықпен қолыңызды, саусақтарыңыздың арасын, алақаныңызды сүртесіз. Артынан балаларға арналған кремді жағып, жарты сағаттай жату керек.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Аударған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді


АНГИНАДАН дәрісіз АЙЫҒУҒА болады