Ауыздан шығатын жағымсыз иістен құтылудың жолдары

0
33 812

Алдымен ауыздағы жағымсыз иістің неден шығып жатқанын анықтап алу қажет. Медицина мамандары жағымсыз иістің шығуына түрлі жағдайлар себеп болады дейді. Мәселен, қызыл иек қабынған кезде аузыңыздан қанның иісі шықса, ал асқазан ауырған кезде пияздың немесе сарымсақтың иісі шығады.


Ауыздан шығатын жағымсыз иістен құтылудың жолдары

фото: bagiraclub.ru

Алдымен ауыздағы жағымсыз иістің неден шығып жатқанын анықтап алу қажет. Медицина мамандары жағымсыз иістің шығуына түрлі жағдайлар себеп болады дейді. Мәселен, қызыл иек қабынған кезде аузыңыздан қанның иісі шықса, ал асқазан ауырған кезде пияздың немесе сарымсақтың иісі шығады. мұның қай қайсысы болса да сізге ыңғайсыздық тудыратыны анық. Сондықтан да жағымсыз иістен арылуға асығыңыз. Ол үшін сізге қарапайым әрі қолжетімді емделу жолдарының бірнеше нұсқасын ұсынамыз.

1. Ауыздағы жағымсыз иістен тез арада арылғыңыз келсе, онда тамағыңызға кардамон қосыңыз немесе кардамонды шайнаңыз. Бұл дәмдеуіш ауыздағы зиянды бактерияларды өлтіреді.

2. Бауырыңыз ауырған кезде де ауыздан жағымсыз иіс шығады. Ол кезде 1 стақан қайнатылған суға 1/2 шай қасық жусан араластырып, шай ретінде ішіңіз.

3. 1 шай қасық тұзды 50 мл зәйтүн майына араластырып, ауыз қуысын шайыңыз. Емді тамақтанудан 30 минут бұрын жүргізесіз.

4. Шөп шайды жиі ішіп тұрыңыз. Бұл ауыздағы кез келген жағымсыз иісті жояды.

5. Ауыздағы жағымсыз иістен біржолата құтылғыңыз келсе зімбірдің көмегіне жүгініңіз. Тамақтан соң ½ шай қасық ұнтақталған зімбірді аузыңызға салып, мұқият шайнап, жұтыңыз.

6. Бірнеше дана грек жаңғағының жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып, демдеңіз. Оған 1 ас қасық бал араластырып, ауыз қуысын, қызыл иекті шайсаңыз, ауыз қуысының саулығын арттырасыз және жағымсыз иістен арыласыз.

7. Әністің дәні де жағымсыз иістен арылтады. Ол үшін 200мл қайнаған суға 2 шай қасық дәнді салып, 20 минут қақпағын жауып қоясыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, тамағыңыз бен аузыңызды шайыңыз.

8. 1 апта бойы тісіңізді құрғақ сүтпен тазартыңыз. Оны кәдімгі паста секілді қолданасыз. Күнде таңертең және кешке щеткаға құрсақ сүтті сеуіп, тісіңізді жуыңыз. Бұл тісті тастан, ауызды жағымсыз иістен тазартады.

9. Егер аузыңыздан сарымсақтың иісі шығып тұрса, онда ½ шай қасық ұнтақталған жұпар жаңғағын шайнаңыз. Жаңғақты мейлінше асықпай 5-6 минут шайнау керек.

10. Сарымсақтың иісін ақжелкен де кетіре алады. Ол үшін бірнеше тал ақжелкенді шайнап, сөлін жұтыңыз. Ал қалғандарын түкіріп тастауға болады.

11. Дереу лимон тілігін жеңіз. Егер қышқылдығы қиындық тудырса, онда шекерге батырып жесеңіз болады.

12. Сарымсақтың жағымсыз иісін ментол дәмі бар сағыз немесе жалбызды таблетка жояды. Оны кез келген дәріханадан таба аласыз.

Міне, осы қарапайым ғана кеңестерді жүзеге асырсаңыз, ауыздағы жағымсыз иістен бір жолата құтыласыз. Өзіңіз де айналаңыздағылардан қуыстанбай, емін-еркін күле аласыз.

Ләззат Ахметова,

ERNUR.KZ