​Грек ЖАҢҒАҒЫ қызыл иектің ҚАНАУЫН тоқтатады

0
6 344

ҚАЛАЙ және ҚАШАН қолдану керектігі төменде толық жазылған


​Грек ЖАҢҒАҒЫ қызыл иектің ҚАНАУЫН тоқтатады

фото: stomov.ru

Қызыл иектің қанауын тоқтату арқылы ауыз қуысындағы бірнеше ауруларды емдеуге болады. Қызыл иектің қабынуына гингивит немесе пародонтит себеп болуы ықтимал. Сондықтан да мұндай жайсыздық байқалған жағдайда стоматолог дәрігердің қабылдауына жазылыңыз.

Егер дәрігерге уақыт таппасаңыз, онда халықтық әдісті қолдануға болады. Төменде жазылған бұл тұнбалар қызыл иектің қабынуын емдеп, қанауын тоқтатады.


ЕМЕН ҚАБЫҒЫ

1 ас қасық ұнтақталған емен қабығын 200 мл суға салып, отқа қоясыз. 5-7 минуттай баяу отта қайнау керек. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, ауыз қуысын шаясыз. Емді күніне 2 рет қайталау керек.


ЖӨКЕ ГҮЛІ

Ұнтақталған жөке гүлі мен емен қабығы араластырасыз. Оның 1 шай қасығын 250 мл суға салып, баяу отта қайнатасыз. 3-4 минуттай қайнаған соң сүзіп алып, бетін жауып қойыңыз. Емдік қасиеті мол тұнбамен ауыз қуысын шаясыз.


ТЕҢІЗ ТҰЗЫ

1 ас қасық тұзды 1 стақан қайнаған суға салып, араластырасыз. Тұз әбден еріген кезде ауыз қуысын шаясыз. Емді күніне бірнеше рет қайталауға болады.


АС СОДАСЫ

200 мл жылы суға 1 шай қасық сода араластырыңыз. Дайын болған қышқыл сумен ауыз қуысын шаясыз. Аталған тұнбамен тамағыңызды шайсаңыз да болады.

фото: diary.ru

ШӨПТЕР де қызыл иектің ҚАНАҒАНЫНА ем болады

  • 1 ас қасық сәлбенді (шалфей) 200 мл қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. 20-30 минуттай тұндырылған соң сүзіп алып, ауыз қуысын шаясыз. Емді күніне 2 рет жүргізіңіз.
  • 1 шай қасық дәріханалық түймедақты (ромашка) 250 мл қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, ауыз қуысын шаясыз. Емді тамақтан соң жүргізу керек.
  • 2 ас қасық ұнтақталған бүлдірген жапырағы мен 2 ас қасық шайқурай (зверобой) шөбін стақанға салыңыз. Үстіне 100 мл таза арақ құйып, қақпағын мықтап жабасыз. Ыдысты 5 күнге күн тимейтін жерге қою керек. Белгіленген күннен кейін дайын болған тұнбамен қызыл иекке тампон жасайсыз. Емделу мерзімі – 2 апта.
  • 1 ас қасық қандышөп (кровохлебка) тамырын термостағы 250 мл қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 1 сағаттан соң сүзіп алып, ауыз қуысын шаясыз. Емді күніне 3-4 рет қайталаңыз.
  • 2 шай қасық ұнтақталған қалақайды 500 мл қайнаған суға салып, 5 минут қайнатасыз. Осы уақыттан соң сүзіп алып, ауыз қуысын шайыңыз.
  • 2 ас қасық пияз шырыны мен 2 ас қасық алоэ шырынын араластырасыз. Тұнбаға мақтаны малып алып, қанап жүрген қызыл иекке қойыңыз. Күніне 2 рет қайталасаңыз, ауырғаны басылып, қан тоқтайды.
  • 1 ас қасық грек жаңғағының жапырағын 400 мл қайнаған суға салып, 60 минуттай тұндырасыз. Белгіленген уақыттан соң сүзіп алып, күніне 1 немесе 2 рет шайыңыз.
  • Таңертең және кешке тісіңіздің жуардан алдын, 1 ас қасық күнбағыс майымен ауыз қуысын шаясыз. Емді күніне 2 рет 15 минуттан жүргізу керек.
  • 1 дана картопты үккіштен өткізіп, аузыңызға салыңыз. Осылайша 5-10 минуттай отырсаңыз, қызыл иектің қабынуы жазылады, қанағаны тоқтайды. Емді күніне 3-4 рет жүргізуге болады.
  • Теңіз тұзын жақсылап ұнтақтаңыз. Ал бананның қабығын күнге кептіріп алып, үгітесіз. Шағын ыдысқа 3 ас қасық тұз бен 2 шай қасық банан үгіндісін саласыз. Үстіне зәйтүн майын құйып, қоюланғанша араластырыңыз. Дайын болған қоспамен қызыл иекті жақсылап сүртіңіз. Емді 10 минуттай жүргізесіз де, артынан жылы сумен аузыңызды шаясыз. Емді күніне 2 рет жасауыңыз керек.


Міне, бұл қызыл иектің қанауын тоқтататын халықтық әдіс. Мұнан бөлек тістің саулығы үшін дұрыс тамақтануды да ұмытпау керек. Мүмкіндігінше балғын жеміс-жидектерді, көкөністі көбірек жеңіз. Сәбіз, қайың, лимон, қара тұрып, ақжелкек шырынын ішіңіз. Құрамында С және Р дәрумені бар дәрумендер жиынтығын ішіңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: vitaportal.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БАЛА неге жиі АУЫРАДЫ?


МУМИЕ шаштың ТҮСУІН тоқтатады


Мына АЛТЫ әдіс ӨМІРІҢІЗДІ ұзартады