​Кімдерге БАЛ жеуге БОЛМАЙДЫ

0
10 249

БАЛ – біздің АҒЗАМЫЗҒА өте ПАЙДАЛЫ. Сонымен қатар ЗИЯНы да бар...


​Кімдерге БАЛ жеуге БОЛМАЙДЫ

фото: goodfon.ru

Бал – адам ағзасы үшін пайдалы заттардың қайнар көзі. Оның құрамы көмірсуға (глюкоза, фруктоза және сахароза), А, С, Е, К және В тобындағы дәруменге бай. Сонымен қатар органикалық қышқылды, ферменттер мен темір, күкірт, калий, мыс, магний, фосфор, йод сынды минералдарды кездестіруге болады. Ағзамызды пайдалы заттармен толықтыру үшін құнарлы тағам, жеміс-жидек, көкөніс жемей-ақ, балды тұтынсақ болды емес пе деген сұрақтың тууы заңды. Алайда, бал бәрімізге де пайдалы емес екен. Сонымен қатар, кез келген уақытта да жей алмайды екенбіз. Бұл туралы толық білгіңіз келсе, төмендегі мақалаға көз жүгіртіңіз.


Балды кімге жеуге болмайды?

Бал – өте ауыр азық. Сондықтан да оны:

  • ұйқы безі ауыратындарға;
  • аллергиясы барларға;
  • 2 жасқа толмаған сәбилерге;
  • қызуы көтерілген науқасқа;
  • асқазан-ішек жолдары дұрыс жұмыс істемейтіндерге;
  • жүкті әйелдерге;
  • емізулі аналарға;
  • қант диабетімен ауыратындарға;
  • инфаркт пен инсульт алғандарға;
  • семіздікке шалдыққандарға бал жеуге қатаң түрде тыйым салынады.


фото: zen.yandex.ru


Балды қалай жеу керек?


1. Мөлшерін білу маңызды

Тәулігіне ересек адамдар үшін 80-150 гр, ал кішкентайларға 30-50 гр. бал жеу керек. Осы мөлшер ағзаны пайдалы заттармен толықтыруға жеткілікті. Егер құмарлығыңызды баса алмай шамадан тыс жеп қойсаңыз, жүйке жүйесінің, зат алмасудың жұмысы бұзылып, қандағы қант мөлшері көбейеді. Салмағыңыз артып, аллергия мазалауы мүмкін.


2. Таңертең және кешке

Балдың құнарын бойыңызға сіңіргіңіз келсе, онда күніне 2-ақ рет қабылдайсыз. Таңертең және кешке тамақтанудан 30 минут алдын жеу керек. Ашқарынға жеген бал бойыңызға күш, қуат,сергектік сыйлайды. Нәтижесінде жұмысқа деген құлшынысыңыз артады. Ал ұйқыға жатар алдында қабылдаған бал ұйқыңыздың тыныш өтуіне септігін тигізеді.

Егер 1 стақан жылы сүтке 1 шай қасық бал мен шым-шым даршын (корица) араластырып ішсеңіз, ұйқысыздық ауруынан біржолата құтыласыз.


3. Балды жылытуға болмайды

Балды қолданудың өз заңдылығы бар. Соның бірі – жылыту мәселесі. Балды жылытқан кезде, ыстық сұйықтықпен араластырған кезде бойындағы пайдалы заттарының бәрінен айырылады.


4. Балды аузыңызда ұзақ сақтаңыз

1 шай қасық балды аузыңызға салып, 1-2 секундтай ұстау керек. Сонда құрамындағы фермент бөлініп, көмірсу азаяды. Егер бірден ішке қабылдайтын болсаңыз, онда асқазаныңызды жаралап алуыңыз ықтимал.


5. Бал кариестің пайда болуына себеп болады

Бал жеген соң міндетті түрде ауыз қуысын таза сумен шаясыз. Өйткені балдың құрамындағы тәтті мен көмірсу тістің саулығына кері әсерін тигізеді.


6. Тамақпен бірге қабылдамаңыз

Балды қай кезде тұтыну керектігін білу маңызды. Кейбіреулер тамақтан кейін, енді бірі тамақтан соң деген пікірде. Ал біреулер тамақпен бірге қабылдауды жөн көреді екен. Бірақ тамақпен бірге қабылдаудың ағзаға зияны тимесе пайдасы жоқ. Біріншіден, асқазанға ауырлық түсіреді. Екіншіден, артық салмақ қосуға септігін тигізеді.


7. Асқазан қышқылын анықтаңыз

Асқазандағы асқазан қышқылы қалыпты болса, балды тамақтанудан 30 минут бұрын қабылдау керек. Ал егер қышқыл төмен болса, онда 1 стақан салқын суға 1 шай қасық бал араластырып, тамақтанудан 10-15 минут бұрын ішіңіз. Асқазан қышқылы басым болса жылы суға бал араластырып, тамақтанудан 1,5 сағат бұрын ем жүргізіңіз.


ҰЙҚЫҒА жатар кезде БАЛ жесеңіз ағзаңыз қандай ӨЗГЕРІСКЕ ұшырайтынын білесіз бе?

Егер ұйқыға жатардан алдын үзбей бал жейтін болсаңыз кейбір ағзаңыздың жұмысын жеделдетеді. Нақтырақ айтқанда:

фото: hiamag.com


  • Жүйкені тынықтырады

Нәтижесінде ұйқыңыз тыныш болып, таңертең сергек оянасыз. Оған себеп балдың құрамындағы триптофан заты. Бұл аминқышқылы ағзаны босаңсытып, қамсыз демалдырады. Триптофан – стрестен сақтайды, күйзеліспен күреседі әрі жүйкені тынықтырады.


  • Қан қысымын түсіреді

Бал антиоксидантқа бай. Ол өз кезегінде қан қысымын реттеуге ықпал етеді. Егер жатар кезде 1 шай қасық бал жеп жатсаңыз, жүрек ауруының алдын аласыз.


  • Иммунитетті көтереді

Тағы бір пайдалылығы иммундық жүйені нығайтады. Балдың құрамындағы антиоксидант пен бактерияға қарсы зат инфекциямен, бактериямен, вируспен күреседі. Ал егер балға даршын араластырып қабылдасаңыз емдік қасиетін арттырасыз.


  • Қартаюды тежейді

Тез қартаюдан қорықсаңыз, теріге ғана емес, ішкі ағзаға да мән беру керек. Егер күнде жатардан алдын 1 шай қасық бал жесеңіз, ішкі ағзаның жұмысын жақсартасыз. Қартаюдың алдын аласыз әрі саулығыңызды арттырасыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерден алынды.


Аударған: Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


САРЫМСАҚ пен СҮТ вирусты БІР-АҚ күнде ЖОЯДЫ

Мына БЕС түрлі АУРУДЫ тауықтың ЖҰМЫРТҚАСЫМЕН емдеуге болады