​Кімге ҚАУЫН жеуге БОЛМАЙДЫ?

0
11 099

Мұны білгеніңіз жөн


​Кімге ҚАУЫН жеуге БОЛМАЙДЫ?

фото: Яндекс.Дзен

Қауынның пісетін мезгілін кез келгеніміз тағатсыздана күтеміз. Өйткені өзі дәмді әрі тойымды қауынды жақсы көрмейтіндер аз шығар. Қауын – дәрумендер мен микроэлементтердің қайнар көзі. Егер ағзаңызды калий, магний, темір элементі мен С және Р дәрумендерімен байытқыңыз келсе, онда қауынды көбірек жеңіз. Осыншалықты пайдалы қасиеті бар қауын ыстықта шөлді қандырады, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді және жүйкені тынықтырады. Мидың жұмысын жақсартып, зат алмасуды реттейді. Ал кальций элементі тіс пен сүйектің саулығын арттырады. Жүректің жұмысын жақсартып, иммунитетті көтереді.


Десе де, қауынның кейбіріміздің денсаулығымызға кері әсер етінін де естен шығармайық. Мәселен, қант диабетімен ауыратындарға, асқазанында жарасы барларға, жүкті және емізулі аналарға қауын жеуге болмайды. Одан бөлек:

фото: fermilon.ru

АЛЛЕРГИЯСЫ бар адамдарға қауын жеуге үзілді-кесілді тыйым салынады. Өйткені қауын жердегі барлық заттарды өзіне сіңдіреді. Бұл заттар аллергияның қозуына ықпал ететіні анық. Одан бөлек, аллергиясы барларға сары түсті азық жеуге мүлде болмайды.

Десе де, мезгілдік жемісті жемей тұра алмайсыз. Сізге бір тілік қауын жетеді. Егер денеңізде қандай да бір белгілер білінсе, дереу гистаминге қарсы дәрі ішіңіз. Өйткені қауынның құрамындағы улы заттар бауырды зақымдайды.


АСҚАЗАН-ІШЕК жолдары ауыратындарға өте ауыр әрі сіңімділігі жоғары жеміс. Егер аталған ағзаның жұмысын жақсартқыңыз келсе, қауынды жемей-ақ қойыңыз. Ал егер тәбетіңіз тартып тұрса, екінші таңғы немесе түскі ас кезінде жегеніңіз дұрыс. Өйткені жатар алдында жеген қауынның пайдасынан, зияны басым.

Егер сіздің асқазаныңызда гастрит немесе жара болса, онда қауынды мүлде жемеңіз.


ЕМІЗУЛІ АНАЛАРҒА хош иісті жемістерді жеуге болмайды. Ол өзінің ғана емес, сәбидің де денсаулығына кері әсер етеді. Қауын жеген ана мен баланың іші кеуіп, желденеді. Асқазанының жұмысы өзгеріп, мазаңызды алады. Егер қауын жеуді тыймасаңыз, онда балада аллергия пайда болуы мүмкін. Оған қоса, баланың иммунитеті төмендеп, ағзасы әлсірейді.

фото: esh-derevenskoe.ru


АРТЫҚ САЛМАҚ иелеріне де қауын жеуге болмайды. Өйткені ол диеталық өнім емес. Негізінде артық салмақтан арылғысы келетіндерге балғын жеміс пен көкөніс жеуге кеңес беріледі. Десе де, қауын, банан және жүзім секілді тәтті жемісті жеуге болмайды. Аталған азықтардың құрамындағы фруктоза кемі 2 келі салмақ қосуға септігін тигізеді.


ҚАНТ ДИАБЕТІМЕН ауыратындарға да қауын жеуге мүлде болмайды. Әсіресе, екінші типтегі науқастарға өте сақ болған абзал. Егер қауынға тәбетіңіз артып тұрса, «Колхозница», «Торпеда», «Канталупа» деген түрін таңдауыңызға болады.


ЕСКЕРІҢІЗ!

Қауын жеген кезде басқа азықтарды тұтынбаңыз. Әсіресе, спиртті ішімдік, сүт өнімдері, салқын және газды сусындарды қабылдамағаныңыз дұрыс. Ең маңыздысы, қауынды ашқарынға жеуге болмайды.

Міне, сіз қауынның қандай қасиеті бар екенін білдіңіз. Ендеше, денсаулығыңызға кері әсерін тигізетін қауынды шектеп жегеніңіз жөн.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: nyamkin.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


КЕФИР ішекті ШЛАКТАН тазалайды


Мына АЛТЫ жағдай ИММУНИТЕТТІ әлсіретеді


КАТАРАКТА: себебі, белгілері және емі