​МҰРЫННАН аққан СУДЫ аскөк МАЙЫ тоқтатады

0
7 973

Бір рет қолданғаннан-ақ мұрын қуысындағы вирус өліп, аурудан айығады.


​МҰРЫННАН аққан СУДЫ аскөк МАЙЫ тоқтатады

фото: dolgoletie-d.ru

Аскөктің емдік қасиеті ежелден белгілі. Әсіресе суын жас нәрестелердің іші ауырған кезде қолданса, ал дәнінен дайындалған тұнба қақырықты түсіреді. Оған қоса, аскөк майының да емдік қасиеті орасан. Ол түрлі дертке дауа болады. Нақтырақ айтқанда:


Жараны жазады

Антисептикалық қасиетке ие аскөк майы қандай жарақат болса да бірден емдей алады. Одан бөлек, кез келген тері ауруына шипа болады. Тіпті, еріннің айналасына шыққан ұшықты да кетіреді.


Вирусты өлтіреді

Халық емінде аскөк майын вирусты инфекцияны емдеу үшін кеңінен қолданады. Мәселен, мұрын бітелгенде немесе су аққанда аскөк майын тамызады. Бір рет қолданғаннан-ақ мұрын қуысындағы вирус өліп, аурудан айығады.

фото: malysh-ma.ru


Асқазан жолдарына ем

Әсіресе іш қату, іштің айналасы мен асқазанның ауруы, ішектің бүруі секілді жайсыздықтар мазалағанда аскөк майын ішіңіз. Сонда аталған ауруларды емдеп, зат алмасуды жақсартады.


Бас ауруын қойдырады

Басыңыз солқылдап ауырса, аскөк майына массаж жасаңыз. Саусақтарыңызды майға малып алып, баяу қимылмен басыңызды уқалаңыз. Майдың емдік қасиеті мен жағымды иісі басыңыздың ауырғанын басып, жүйкені тынықтырады.


Ана сүтін көбейтеді

Бұл ғажапты да естімеген боларсыз. Әсіресе, жас аналарға ең керекті көмекші екен. Аскөк майын ішсеңіз, ана сүті құнарланып, молаяды. Оған қоса, балапаныңыздың ішек жұмысы жақсарады.


Аскөк майын қалай дайындаймыз?

Алдымен бақшадан теріп алған немесе базардан сатып алған аскөкті әбден кептіресіз. Сосын кофеұнтақтағыштың көмегімен жақсылап ұнтақтайсыз. Ұнтақты күнбағыс немесе зәйтүн майымен араластырыңыз. Қоспаны шыны ыдысқа құйып, күн тимейтін жерге жылы орап қоясыз. Ыдысты күнде қозғап тұруды ұмытпаңыз. Жеті күннен соң дайын болған аскөк майын балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.

Ескеріңіз! Емдік май құйылған ыдыс күннің көзінде немесе тым салқын жерде тұрмау керек.

фото: s-be.ru


Аскөк майын қалай қолданамыз?

  • Іш және ішек ауруларында, асқазан мен ас қорыту жолдарының ауруларында, іш қату кезінде 1 шай қасық майды 5 ас қасық қайнатылған жылы сумен араластырасыз. Тамақтан соң артынша 1 ас қасық майды ішесіз. Күніне 3-4 рет ішсеңіз, жағдайыңыз жақсарып, ауруыңыз басылады.
  • Ал егер кішкентай сәбиіңіздің іші желденіп ауырса, онда емізуден алдын 1 тамшы май ішкізіңіз.
  • Құрғақ жөтел, демікпе, ентігу мазалағанда бір тілік нанға 2-3 тамшы аскөк майын жағыңыз. Оның үстіне шым-шым шекер сеуіп жеңіз. Баяу шайнап жесеңіз, тыныс жолдарының қабынуына керемет ем болатынын ұмытпаңыз. Емді күніне 2 рет тамақпен бірге жүргізесіз. Емделу мерзімі – 1 апта.
  • Бетіңізге іріңді бөртпе немесе қызарып безеу шықса, аскөк майының көмегіне жүгініңіз. Жаралы орынға тәулігіне 5-6 рет 2 тамшы май жағыңыз. Емді жазылғанша жалғастырасыз.
  • Денеңізді күйік шалғанда, жара іріңдегенде, теріңізді жаралап алғанда 1 шай қасық майды 3 ас қасық сумен араластырып, жарақатқа жағасыз. Емді жазылғанша үзбеу керек.
  • Тіпті, түнде жататын кезде аскөк майын мақтаға малып алып, жарақаттың бетіне таңып қойсаңыз да болады. Таңертеңге дейін жараның көлемі кішірейіп, ауырғаны басылады.
  • Басыңыз ауырса немесе ұйқыңыз бұзылса, төсекке жататын кезде самайыңызды маймен уқалаңыз. Егер майды білегіңізге, табаныңызға, саусақтарыңыздың арасына жағып жатсаңыз, ұйқыңыз тыныш әрі қанық болады. Сонымен қатар, жүйкеңіз де керемет тынығады. Таңертең өзіңізді сергек әрі қуатты сезінесіз.
  • Аскөк майы тері астындағы майлардың да жауы екенін ескеріңіз. Егер саныңыздағы, қарныңыздағы, білегіңіздегі артық майдан арылғыңыз келсе, онда аталған жерге аскөк майын жағып жүріңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: azbyka.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖҮКТІЛІК кезіндегі АНЕМИЯНЫ жеңудің ЕКІ жолы бар


КАТАРАКТА: себебі, белгілері және емі


Кімге ҚАУЫН жеуге БОЛМАЙДЫ?