Псориазды сүйелшөппен емдейді

0
6 601

Псориаз, iрiңдеу, қышымада: сүйелшөптiң тамырынан бұлау дайындауға болады.


Псориазды сүйелшөппен емдейді

фото: 7dach.ru

Сүйелшөп (чистотел) – адам ағзасына пайдалы емдiк өсiмдiктердiң бiрi. Оны шырын ретiнде тамыры, сабағы мен жапырағын пайдалануға болады. Медициналық зерттеу барысында сүйелшөп өт айдайтын және бактерия мен қабынуға қарсы жақсы күресе алатынын зерттеген. Оның құрамындағы хелидон – ауруды басады және тыныштандырады, хелеритрин – тiтiркендiредi, сангвинарин – iшектiң жиырылуы мен сiлекей секрециясын азайтады, протопин – вегативтiк жүйке жүйесiнiң белсендiлiгiн төмендетедi, гомохелидонин – қалшылдататын улы және өте күштi анестетик (ауырсынуды жоятын).

Эфир майы, аскорбин қышқылы, А дәруменi, органикалық қышқылдарға бай сүйелшөптi дертке ем ретiнде былай дайындайды. Шөптi еттартқыштан өткiзiп, шырынын сығып, екi қабатталған дәкеден өткiзесіз. Құтыға құйып, қақпағын мықтап жауып, 5-7 күн қоясыз. Арасында қақпағын ашып, газын шығарып отыру керек. Сүйелшөп шырыны аденоид, гайморит, сүйел, түймешiк (полип), қызыл иек, iрiңдеу, безеу, қышыма, есекжем, сыздауық, безгек, қырынғаннан кейiнгi терiнiң тiтiркенуi, терiнiң сүтке, күнге, химиялық заттарға, отқа және буға күюiнде пайдасы зор. Оның сонымен қатар гипертония, ақшыл қан, аққандылық, атеросклероз, тамақтан улану, тұмау, жеңiл iсiктер, геморрой, гастрит, қалқанша безi, өт қалтасы, бүйрек пен жүрек бұлшықетi дертiнде де пайдасы тиедi. Пайдалану тәсiлдерi мынадай:

Терi ауруларында: ауырған жерге шырынын қалың етiп жағады.

Мастит: шырынын емшек ұшына жағып, 2-3 минут сiңдiредi.

Мұрын аурулары: тұмау, гайморит, түймешiк дертiмен ауырғанда мұрынға 2-3 тамшыдан тамызады, 5 минуттан кейін тағы қайталайды.

Қызыл иек ауруында: Күнiне 2-3 рет сүйелшөп шырынымен қызыл иектi сүртедi. Болмаса шырынды ауызда 20-25 минут ұстап тұрады.

Подагра, ревматизм: ауырған жерге шырынын жағады немесе тұнбасын iшедi.

Тұмау: Ауызды немесе мұрынды күнiне 5 рет тұнбасымен шаяды немесе 1/2 стақан тұнбадан iшедi.

Қалқанша безi: 2 ай бойы күн сайын тамақтан 10-15 минут бұрын ½ стақаннан тұнбасын iшiп отырады. Екiншi тәсiл: шөптi шай секiлдi демдеп суымен ауызды немесе мұрынды шаяды.

Үшiншi әдiс: Ауызды немесе мұрынды тұнбамен шайған кезде iшке 2-3 тамшысын жұтып жiбередi.

Есекжем: Есекжем шыққан жердi шырынымен сүртiп 3-5 минут сiңдiредi және тамақтан 10-15 минут бұрын тұнбасын iшедi.

Күс, сүйел,түймешiк, пародонтоз кезiнде: балғын шырынымен сол жердi күнiне 2 рет сүртедi. Емдеу уақыты 2-3 апта. Күстi кетiру үшiн бұлау жасайды. 1 литр суға 10 гр. ас содасы, 20 гр. сабын салады да күс болған аяқты не қолды сол суға салады. Артынан сүйелшөп тұнбасымен сол жердi сүртедi.

Тәбеттi арттырады: тұнбасы тәбеттi арттырады, ұйқы мен жүйке жүйесiн тыныштандырады. Тұнбаны 7 күн iшiп, 2 күн демалады. Тұнбаны iшiп бола салысымен 1 ас қасық балғын сәбiз шырынын iшедi.

Тұнбаны дайындау тәсiлi мынадай: Сүйелшөптi балғын күйiнде алады да 500 грамм банкаға (2/1 бөлiгi тосын) салып, қайнаған су құяды. Қақпағын жақсылап жабады (құрғақ күйiнде жасайтын болсаңыз банканың 1/4 бөлiгiн сүйелшөппен толтырады). Салқындаған соң сүзгiден өткiзедi.

Псориаз, iрiңдеу, қышымада: сүйелшөптiң тамырынан бұлау дайындауға болады. 100 гр. тамырын майдалап, үстiне салқын су құяды да 2 сағат қояды. Сосын 30 минут баяу отта қайнатады. Сүзгiден өткiзiп, ваннадағы суға араластырады да, 15-20 минут жатады. Емдеу уақыты 12 күн.

фото: oncoved.ru

Ескерту! Эпилепсиямен ауыратындарға бұл өсiмдiктi пайдалануға мүлдем болмайды. Жүйке жүйесi, жүректiң ұстамалы және бронх демiкпесi дертi кезiнде де аса сақтықпен пайдаланған жөн. Сүйелшөп тұнбасын ұзақ уақыт немесе шексiз iшу iшек ауруына әкеледi. Одан ағза уланғанда тыныс алуда қиындықтар туындап, жүрек айнып, құсады, iш өтедi. Сондықтан емдi дәрiгердiң кеңесiмен ғана жүзеге асырған жөн.

Ләззат Ахметова,

ERNUR.KZ