«1 миллиондық торт, бренд киімдерден жасау»: Төреғали Төреәлінің кіші қарындасының тойы сән-салтанатымен өтті

0
1 149

«Мақтанудың қажеті қанша?»


«1 миллиондық торт,  бренд киімдерден жасау»: Төреғали Төреәлінің кіші қарындасының тойы сән-салтанатымен өтті

Танымал эстрада әншісі Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина Төреәлі өз теңін тауып ұзатылды. Жұлдызды отбасының кенже қызының «Сырға салу» рәсімінен бастап құрбыларымен қоштасуы, ұзату тойында әкесінің арнау әні, қазақ эстрадасының хитмендерінен құралған топтың «Алақаннан ұшқан аққуым» әні, екі жақтың құдалығы, қыздың артынан апарған кілең бренд (Louis Vuitton, FENDI, Prada, Dior, Victorias Secret) киімдер мен аяқ киімдерден құралған жасауы, үлкен тойындағы 1 миллиондық ерекше үлкен тәтті торт, қыз жақтың үлкен тойға алып барған қымбат кәдесыйлары, сый-сияпаттары, бәрі-бәрін желідегілер қалт жібермей тамашалап отыр.





Екі жақтың да тойы мен құдалығынан видеолар көрген желідегілердің бірі Төреәлі әулетінің кенже қызына отбасылық бақыт тілесе, екінші топ мақтаншақтыққа теңеді.


«Мақтанудың қажеті қанша?», «Бәрін ашып көрсетіп, не айтқысы келді?», «Түк көрмегендіктерін көрсетіп қойды, ұят болды», «Байлығын айтып жар салуы өте қате, не деген масқаралық. Отырған үлкен кісілер қайдан біледі сол брендті, берсе өзі үшін береді, өзінің мерейі үшін береді қызына. Жеңгесінің жар салуы мақтанып, қателік, жалаңаш жүрген ешкім жоқ, бәріде брендсіз қыздарын ұзатып жатыр» деп жазып жатыр.