"6 миллион": Ернар Айдар ұтыс ойынынан қанша ақша алғанын ашық айтты (видео)

0
1 896

Әр видеороликке 1млн теңге...


фото ғаламтордан алынған

Бірнеше күннен бері төтенше жағдай кезінде ұтыс ойнатамын деп басы дауға қалып, қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан эстрада әншісі Ернар Айдар сол ұтыс ойынына қатысты бар шындықты айтты. Әнші өзінің оңай олжаға қызығып, алданып қалғаны туралы журналист Аман Тасығанның TalkLike жобасында ашық сұхбат берді.

Сұхбат барысында әнші өзінің ұйымдастырушылардың арбауына түсіп алданып қалғанын, конкрусқа арналған ресми парақшаның бірнеше рет бұзылды деген сылтаумен жаңартылып отырғанына, ұтысқа тігілген қымбат көліктеердің де қайта-қайта ауысып отырғанына мән бермегенін айтады, жанындағылардан еш күдіктенбеген екен.

"Олар менің сеніміме кіріп алды да, мені пайдаланды ғой",– дейді әнші.


Әнші өзінің оңай олжаға қызыққанын да айта кетті.

"Оңай олжаға қызықтым. Себебі алты видеоға 6 млн. беріп отыр. Олар саудаласқан да жоқ. Ақшаға қызықтым, қызықпадым емес. 3 млн ақшаны бірден аударды. Ақшаға қызықтым, бірақ 100 пайыз емес",– деді Ернар Айдар.

Сондай-ақ әнші өз әріптестерін мұндай ойындардан , жеңіл ақшадан аулақ болуға шақырды.


Еске салайық, Карантин режимін бұзған әнші Ернар Айдардың ұсталғаны және кейіннен Ернар Айдардың лотереяға тіккен көліктерді уақытша жалға алғаны анықталғаны туралы жазған болатынбыз.