70-ке толған қызын құттықтаған Жазира Байырбекованың әжесіне жұрт тәнті болды (видео)

0
2 190

Жазираның 97 жастағы әжесі ұшаққа мінбей Алматыдан Шымкентке көлікпен келген.


70-ке толған қызын құттықтаған Жазира Байырбекованың әжесіне жұрт тәнті болды (видео)

Күні кеше 22 жылдан кейін қызды болған Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында тағы бір жағымды жаңалығымен бөлісті. Өнер иесінің сөзінше, анасы бүгін 70 жасқа толып жатыр екен.

"Бүгін анам 70 жасқа толды. Анамның 97 жастағы анасы Алматыдан ұшақпен емес "жер көріп барамын" деп көлікпен барды. Жолдан түк те шаршамадым дейді. Алматылық 97 жасар ару бүгін Шымкентте!", - деп жазады әнші.

Видеодан 97 жастағы әженің 70 жасқа толып жатқан қызын туған күнімен құттықтап, батасын беріп, маңдайынан сүйгенін көруге болады.

Видеоны көрген желі пайдаланушылары өнер иесінің анасы мен әжесіне жылы лебіздерін білдірген. Олардың арасында өнер иесінің әріптестері бар. Сондай-ақ олар аяулы аналардың дені сау болып, ұзақ жасауын тіледі.

"Ана деген қандай, журегімен тілеп жатыр. Қандай керемет!", "Аналарыңыз дүние тұрғанша тұрсын", "Апа-аналарымыз аман болсын. Жолдарының жақсысын бізге берсін", "Құтты болсын! Осы кісілердің жасын бізге берсін", "Денсаулықтары мықты, өмірлері ұзақ болсын", - деп жазады оқырмандар.

ERNUR.KZ