«Айдаладағы тентекке көмектеспе!»: «Миллиондық» Мансар Мұрат Әбілдаға не үшін бармағанын айтты

0
3 152

«Үйде жатып ап әрдеңені оттай береді»


«Айдаладағы тентекке көмектеспе!»: «Миллиондық» Мансар Мұрат Әбілдаға не үшін бармағанын айтты

«Миллион» КВН командасының мүшесі Мансар Орынхан инстаграмдағы тікелей эфирінде «үйде жатып ап әрдеңені оттай беретін диван батырларды» сынға алды. Оның бұлай деуіне оқырманның «Мұрат Әбілда сендерге ренжіпті ғой» деген сөзі түрткі болған.

– Ренжісе қайтейін?! Мықты болса өздері бармай ма?! Үйде жатып ап бәрі батыр. Ешкім алдыма келіп айта алмаған. Мұрат Әбілдаға көмектескен кезде бәрің маған «Көмектеспе, айдаладағы тентекке!» сөйледіңдер ғой. Тіпті, менен бас тартамын деп кейбір ағаларым хабарласты. Мен сол кезде оның науқас анасы үшін ғана қол ұшын создым. Өйткені, анасының асқазанында жарасы бар екен. Барғым келсе де, келмесе де, өзім білемін. Қазір адамдар өсекке құмар болып барады. Тікелей эфирде 1000 адам отырса, бәрінің аңдығаны өсек. «Медресе салайық, қайырымдылық жасайық, осы тікелей эфирді достарыңа жібер» десең, ешкім жібермейді. Адамдарға қаның қайнап кетеді. Үйде жатып алып әрдеңені оттай береді, - деді КВН-шы.


Сонымен қатар актер қазақтарды ауызбіршілікке шақырды.

«Кеше мысалы Еркебұлан Тоқтар осы уақытқа дейін жеңіп келді. Бір жекпе-жекте жеңіліп қалып еді, «Өзіне көп алып қойды ғой», «Артына қарамай ма?!» деген сияқты әңгімелер айттыңдар.

Жеңіліс те, жеңіс те Алладан. Ол қарсыласының рухын басу үшін әдейі артық әңгіме айтады. Жеңіліп еді, астына тек негатив жазылды. Жеңсе де, жеңілсе де бір-бірімізге мотивация берейік те!

Жеңілгені де дұрыс болған шығар. Хайп болды. Кімнің кім екені көрінді. Оны бәрі таныды. Жеңгенде ешкім бұлай шуламайтын еді.

Мысалы, Амилайдың тик-тогына кіріп қарасам, пікірлерін оқысам, «Құдайдың басына жазғаны осы шығар» деп соны есіркеп жатыр ғой, - дейді «диван батырларға» таңданысын жасыра алмай.